Мақалада түркістандық тұлға, Алаш қайраткері Мырза Наурызбайұлының талайлы тағдыры мен рухани мұрасы мұрағат деректері мен сол кезеңдегі баспасөз материалдары негізінде зерттеп-зерделенеді.
Негізінен 1920 жылдың 7 желтоқсанынан 1925 жылға дейін Ташкент қаласында шығып келген «Ақ жол» газетінде жарық көрген қайраткердің мақалаларын талдау арқылы біз оның аталған мерзімдегі атқарған қызметіне тоқтала отырып, ұлт тұлғасына жабылған жалған жаланың негізсіз екенін дәлелдеуге тырысып бағады.
«Ақ жол» газеті Кеңес билігінің жүргізген саясатының насихаттап, халыққа жеткізіп отырған және де сол саясаттың нәтижесін, яғни халыққа тигізген пайдасы мен залалын бірдей саралап, халықтың ойында жүрген мәселелерді көтеріп отырған. Осылайша халықтың үлкен сұранысына ие болған. Сонымен қатар, «Ақ жолдан» Алаш идеясын жақтаушылардың көмегімен құрылған газет болғандықтан, ұлттық мүдде тұрғысынан жазылған мақалаларды көптеп кездестіресің. Сол себепті де, «Ақ жол» газетінің мазмұны «антикеңестік» деп табылып, оның редакция құрамы қудалауға ұшыраған. Бұл жағдай да автор назарынан тыс қалмаған. Сондай-ақ «Ақ жол» газетінің тарихын зерттеп, оның қызметін айқындап, оның ғылыми маңызын анықтау, М. Наурызбайұлы секілді тұғырлы тұлғаларды тану, олардың бай рухани мұрасын туған халқымен қайта қауыштыру мәселесі де орынды көтеріледі.
МЫРЗА НАУРЫЗБАЙҰЛЫ - ӨМІРІНІҢ БЕЙМӘЛІМ БЕТТЕРІ
Жарияланған June 2021
83
97
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
«Ақ жол», баспасөз, ұлттық рух, рухани жаңғыру
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Абдурахманов, Н. , Купбаева, Р. і Шекербеков K.M. 2021. МЫРЗА НАУРЫЗБАЙҰЛЫ - ӨМІРІНІҢ БЕЙМӘЛІМ БЕТТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 68 (Чер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-5461.44.