Жиырмасыншы ғасыр Қазақстан тарихында және оның құрамдас бөлігі ретінде жалпы отандық архив ісінің тарихында оқиғаларға ең қанық кезең болды. Олар мемлекеттік, саяси, қоғамдық, экономикалық және мәдени өмірдің барлық жағына түбегейлі түрде әсер етті. Соғыстар, революциялар, саяси құрылыстың ауысуы, КСРО қалпына келтірілуі және ыдырауы — жиырмасыншы ғасыр осылай бастау алды және аяқталды.
Бұл мақала Қазақстандағы көп жылдық архив процесінің барысы мен жеке көріністерін түсіну талпынысы болып табылады. Отандық архив ісінің кеңестік кезеңінің барлық тарихы мемлекеттік саяси жүйесінің тарихымен, бір партиялық идеологияның монополиялық өктемдігімен, архив бөлігі болатын адамның рухани саласында әкімшілік қысыммен тығыз шырмалған.
Архив ісінің дамуының жаңа орамы КСРО ыдырағаннан кейін орын алды: архивтер жүйесі дербес болды. Тәуелсіз Қазақстан архив ісін демократияландыру үшін бірқатар архив реформаларын жүргізді. Аталған түрлендірулер нәтижесінде архивтерды басқарудың жаңа жүйесі қалыптастырылды. Архив ісі еліміздің мәдени мұрасының бөлігіне айналды.
Мақалада архивтің құрылуындағы басым бағыттарды анықтауға және отандық архив ісін жүргізудегі негізгі мәселелерге басты назар аударылады. Жеке архивтердің тарихтарына көп көңіл бөлінбейді, себебі оның жалпы фактографиялық бөлігі қазақстандық авторлардың монографияларында, оқу құралдарында және көптеген мақалаларында жеткілікті түрде толық көрсетілген.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АРХИВ САЛАСЫНЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ
Жарияланған June 2021
103
190
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
архивтер, архивтерді орталықтандыру, архивтерді басқару жүйесі, мемлекеттің саяси жүйесі, архив реформасы, архив заңнамасы
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Маканбаев, Т. і Сексенбаева, Г. 2021. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АРХИВ САЛАСЫНЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 68 (Чер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-5461.32.