Мақалада ГУЛАГ лагерлері түрме жүйесінің қалыптасуы мен қызметінің мәселелерінің тарихнамасы қарастырылған. Қазақстан жерінде республиканың барлық облыстарын қамтыған 20-дан астам лагерьлер құрылғаны белгілі. Архивтік материалдарға сүйене отырып, ГУЛАГ-тің құрылуы мен дамуына тиянақты тоқтала талдау жасаған ресейлік және шетелдік ғалымдардың зерттеулері үлкен қызығушылық тудырады. Бұл мәселені жарыққа шығаруға қазақстандық зерттеушілер де өз үлестерін қосып, Қазақстанның бүкіл аумағында территориялық орналасқан лагерь жүйесінің құрылымы мен қызметтерінің ерекшеліктерін ашып көрсеткен. Айта кету керек, мәжбүрлі еңбек лагерлері едәуір дәрежеде қылмыстық элементтерді қайта тәрбиелеу мекемелерінен гөрі экономикалық субьект рөлін атқарды. 1920-1950 жылдары лагерлерде қылмыскерлерден басқа жалған және ойдан құрастырылған айыптаулармен сотталған адамдар да
болды. Бұл мақала зерттеліп отырған мәселенің тарихнамалық талдауының белгілі бір бөлігін ғана қамтиды және одан әрі зерттеуді жалғастыруды қажет етеді.
Мақала № АР08856940 «ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва және Астрахань лагерлері: «тарих, естелік, тағылым (1932-1950 жж.)» атты ғылыми жобасын жүзеге асыру мақсатында даярланған.
ГУЛАГ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТАРИХНАМАСЫ
Жарияланған June 2021
531
196
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
ГУЛАГ, лагерь, Карлаг, тұтқындар, лагерлер түрме жүйесі, Қазақстан, Прорвлаг, ОГПУ, НКВД, МВД, КСРО.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ахметова, У. і Исмаилов, С. 2021. ГУЛАГ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТАРИХНАМАСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 68 (Чер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-5461.29.