Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ТАЛДЫСАЙ ҚОНЫСЫНЫҢ ТЕРІ ӨҢДЕУ КӘСІБІНЕ АРНАЛҒАН ҚҰРАЛДАРЫ

Жарияланған June 2021

151

125

Аңдатпа

Мақалада 1994 жылдан бастап Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының қорында жиналып келген сүйек және мүйіз индустриясы қарастырылады. Талдысай қонысынан көптеген ірі қара және ұсақ малдың сүйектерінен жасалған құралдар мен бұйымдар табылған және олардың пайдалану мақсаттары да әртүрлі болған. Олар металл өңдеуде, қыш ыдыстарды өңдеуде, тері өңдеу кәсібінде кеңінен қолданылған.
Талдысай қонысы шаруашылық түрлері көп болғаны белгілі. Соның ішінде, тері өңдеу ісі де ежелгі тұрғындардың маңызды кәсібі болған. Мақалада тері өңдеу кәсібінде қолданылған сүйек құралдардың негізгі түрлері көрсетіліп, оларға жүргізілген трасологиялық зерттеу нәтижелері берілген. Трасологиялық зерттеу нәтижесінде қоныста табылған құралдардың басты түрлері мен сипаттамалары анықталды. Олар езгіштер, өңделген асықтар, қырғыштар мен біздер. Анықталған құралдар тобының жалпы және жекелеген сипаттамалары беріліп, олардың қолдану барысында функционалды қызметтері көрсетілді. Сүйек құралдардың типтеріне қарап, қола дәуіріндегі Талдысай тұрғындарының тері өңдеу әдісі бірнеше үрдістен тұрғандығын және олар сапа жағынан өте мықты тері өнімдерін дайындағанын байқауға болады. Ежелгі Талдысай мекендеушілер сойылған малдың етін жеп, сүйегін өңдеп, тұрмыстық жағдайда өз қажеттіліктеріне пайдалана білген.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Саргизова, Г. 2021. ТАЛДЫСАЙ ҚОНЫСЫНЫҢ ТЕРІ ӨҢДЕУ КӘСІБІНЕ АРНАЛҒАН ҚҰРАЛДАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 68 (Чер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-5461.40.