Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ ДӘСТҮРЛІ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҰҒЫМДЫҚ-КАТЕГОРИЯЛЫҚ СИПАТТАУ МӘСЕЛЕСІ

Жарияланған June 2021

113

86

Аңдатпа

Мақалада мал шаруашылығы мен көшпеліліктің ұғымдық-тұжырымдамаларындағы анықтамалар мәселесі қарастырылады. Терминология кез-келген ғылымда, соның ішінде этнологияда да маңызды мәселенің бірі. Автор мақаласында түрлі терминдер мен синонимдердің және мағынасы жағынан түрлі дефинициялық терминдерді қолдана отырып, дәстүрлі көшпенділер шаруашылығының кейбір ұғымдарын нақтылаудың өзекті мәселелерін көтеріп отыр. Әсіресе, XX ғасырдың 70-ші жылдардың аяғы мен 80-ші жылдардың басындағы кеңестік этнографиялық ғылымдағы «мал шаруашылығы», «көшпенділік», «көшпелі мал шаруашылығы», «отырықшы мал шаруашылығы», типтері, түрлері мен формалары және т. б. мәселелер қарастырылады. Дегенменде, термин мәселелері әлі күнге дейін өзінің жауабын таппай тұрған проблемалардың бірі болып отырғаны анық.

pdf (Русский)