Мақалада Ортағасырлық Талғар қалашығын зерттеу барысында белгілі болған археологиялық ескерткіштер туралы баяндалады. Осы күнге жеткен деректерге сүйенсек, қалашық маңында әлі де болса бекітілмеген елді мекендер бар екендігі айтылады. Зерттеулерлерге сүйенсек, ортағасырлық қала орналасқан аумақ айтарлықтай үлкен болған. Бұған Талғар қалашығынан әр түрлі қашықтықта табылған кездейсоқ олжалар дәлел. Алайда ол туралы тек сол кездегі зерттеушілердің еңбектерімен жазушылардың шығармаларында естеліктер ғана сақталған. Қалалық аумақ пен елді мекенді ондаған жылдар бойы зерттеу барысында сауда-саттық пен қолөнер жақсы дамығандығын осы уақытқа жеткен құнды заттардан көруге болады. Сырттан келген бұйымдар мен қалашық аумағынан табылған күміс тиындар қазіргі таңда еліміздің бірқатар музейлер мен қорық-музейлердің басты артефактілері болып тұр.
Ортағасырлық Талғар қалашығы Ұлы жібек жолының бойындағы халықаралық сауда, қарым-қатынас қарқынды дамыған орталық екендігі белгілі. Осындай қарым-қатынас нәтижесінде сырттан келген бұйымдар қазба барысында немесе кездейсоқ табылып отырған. Мақалада қазіргі таңда қалашық аумағынан тыс жердегі елді мекендер мен қоныстар зерттеуді қажет ететәндәгә айтылады.
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАЛҒАР АУМАҒЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШТЕР ТУРАЛЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕР
Жарияланған June 2021
183
277
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Талғар, елді мекендер, ортағасыр, сауда-саттық, археологиялық ескерткіштер, артефактілер, қоныс, олжа, қалашық, аумақ, қолөнер
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Железняков, Б.А. , Жумай, Г. і Суатаева, Д.С. 2021. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАЛҒАР АУМАҒЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШТЕР ТУРАЛЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 68 (Чер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-5461.37.