Дәстүрлі ағаш ою өнері халқымыздың заттық және рухани мәдениетінің негізгі элементі болып табылады. Зерттеуде ағаш бұйымдардың көнеден сақталған түп нұсқалары мен ағаш шеберлердің XVIII және XX ғасыр басындағы қол өнер бұйымдары сараланады. Олардың шығармашылық мұралары – үй жиһаздары, ыдыс-аяқтар, арбалар, күймелер, ер-тұрмандар мен әдет-салтқа қатысты бұйымдар да көрініс тапқан. Осы жәдігерлер арнайы ізденіс пен ғылыми талдауға негіз болды. Маңызды зерттеу нысандарымен қатар ол бұйымдарда белгілі бір қалыпта сақталған ағаш оймыштаудың әдістері мен тәсілдері, шеберлердің құрал-саймандарын зерделеуден де туындап отыр.
Мақалада ағаш оймыштау өнері тұтас, қазақтың дәстүрлі мәдениеті ауқымында, оның дамуының басты салалары шаруашылық-тұрмыстық және өрнектеу, оймыштау тұрғысында қаралады.
ДӘСТҮРЛІ АҒАШ БҰЙЫМДАРДАҒЫ ОЮ – ӨРНЕКТІҢ БЕДЕРЛЕНУІ
Жарияланған June 2021
178
135
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
ағаш, өрнектеу, оймыштау, қазақтар, қолөнер бұйымдары
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Бекешов , С. і Бекенжанова , А.А. 2021. ДӘСТҮРЛІ АҒАШ БҰЙЫМДАРДАҒЫ ОЮ – ӨРНЕКТІҢ БЕДЕРЛЕНУІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 68 (Чер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-5461.35.