Бұл мақалада, әл-Фарабидің «бақыт» идеясының әлуметтік мәдени негіздері әлеуметтік мәдени феномен ретінде, ғылыми теориялық тұрғыда жан-жақты қарастырылады. Бұл феномен тікелей адам жанымен тығыз байланысты, сонымен қатар, әрбір жеке тұлға қоғамның мүшесі болуға, өзінің жеке кемелінің деңгейіне жетуге, соның нәтижесінде өзіне қойылған басты мақсатқа жетуге ұмтылады. Бақытқа жетуге ұмтылған іс-қимылдардың барлығы әл-Фарабидің ой-пікірінше, белгілі бір уақытта қоғамдық құндылық болып тұжырымдалады. Бақыт ұғымы әл-Фарабидің әлеуметтік мәдени негіздерінің өзегі болып отыр. Бұл құбылыстың адам үшін құндылығы өте зор екендігі әрдайым ескертіліп отыратыны анық. Бақыт идеясын дүниеге келтіретін нәрселер адамгершілік пен әдеттер – бұл қайырымды ұғымдар. Бақыт дегеніміз – әрбір адам баласы ұмтылатын жоғары мақсат екендігін нақтылап берген Фараби бақытқа білім мен игілік істер істеу нәтижесінде ғана жетуге болатындығын айтады. Білім алудың негізгі мақсаты жеке адами тұлғаны кемеліне жеткізу болатын болса, ал дүниедегі адамзат баласының өмір сүруінің негізгі басты мақсаты жақсылық –ол жоғары дәрежеде танылатын бақытқа жету деп анықталады.
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Білім, ұғым, бақыт, мәдениет, қайырымды қала,этика, жеке тұлға, игілік, адамгершілік, даналық,феномен, басшы.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Сүлейменов , П. 2021. ӘЛ-ФАРАБИДІҢ «БАҚЫТ» ИДЕЯСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ НЕГІЗДЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 67 (Трав 2021).