Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ХХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫНДАҒЫ АҚШ-НЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Жарияланған May 2021

184

202

Аңдатпа

Мақалада АҚШ-тың сыртқы саясатының теориялық негіздерін зерттеу мәселелері талқыланады. Көптеген онжылдықтар бойы АҚШ халықаралық қатынастардың маңызды акторларының бірі боп табылады. Қырғи-қабақ соғысынан кейінгі кезең – АҚШ-тың сыртқы саясатындағы маңызды кезеңдердің бірі. Осы уақытта елдің академиялық ортасында АҚШ-тың халықаралық қатынастар құрылымындағы жаңа рөлі туралы да пікірталас орын алды. АҚШ-ты жалғыз күш орталығы деп атап, американдық зерттеушілер «бірполярлы» әлем идеясын ұсынды. Американдық ғалымдар мен зерттеушілердің идеялары сол кездегі американдық саяси көшбасшылардың сөздерінде басым болды: Америка Құрама Штаттары – әлемдік көшбасшы, ал оның міндеті – либералды демократиялық құндылықтарға негізделген жаңа халықаралық саяси және экономикалық тәртіпті құру. Демократиялық құндылықтарды тарату идеялары және демократиялық бейбітшілік теориясы қырғи-қабақ соғыстан кейін АҚШ-тың сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуына айтарлықтай әсер етті. Мақалада осы теориялардың мазмұны мен мәні, олардың негізгі принциптері және осы теориялардың АҚШ-тың сыртқы саясатындағы алатын орны қарастырылған

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Какенова, Г. і Какенова, З. 2021. ХХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫНДАҒЫ АҚШ-НЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 67 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-5461.29.