Мақалада ЕАЭО аясындағы Қазақстан мен Беларуссия арасындағы екіжақты қатынастар қарастырылған. Екі елдің және ЕАЭО-дағы экономикалық қатынастар мен көші-қон процестері де талқыланады. ЕАЭО шеңберінде құрылған еркін сауда аймағы, мысалы, қазіргі интеграциялық механизмге қатысушы елдердің әлемдік экономикалық жүйеге біркелкі және тең дәрежеде енуіне ықпал етеді, бұл қазіргі заманғы халықаралық экономикалық және көші-қон қатынастарында ерекше маңызды. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясындағы көші-қон процестерінің тәуекелдері үш қатысушының көзқарасы бойынша зерттеледі: мигранттар, шығушы елдер және келуші елдер. ЕАЭО туралы шартпен кепілдендірілген және Қазақстан, Беларуссия және Ресей Федерациясының интеграциясының нысаны мен әдісін ұсынатын ЕАЭО шеңберіндегі еуразиялық кеңістіктегі бірыңғай еңбек нарығын қалыптастыру үдерісін зерттеу. Зерттеу барысында талқыланып отырған мәселені жүйелік талдауға қатысатын жетекші қазақстандық және беларуссиялық мамандардың тәсілдері талданады. Материалмен жұмыс жасау барысында жүйелік-сараптамалық әдіс, тарихи-сараптамалық әдіс және экономикалық болжау әдісі қолданылды.
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ (ЕАЭО) ШЕҢБЕРІНДЕГІ БЕЛАРУСЬ ПЕН ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН ҚАТЫНАСТАРЫ
Жарияланған May 2021
462
65
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Issova , L. і Tumanshiyev , D. 2021. ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ (ЕАЭО) ШЕҢБЕРІНДЕГІ БЕЛАРУСЬ ПЕН ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН ҚАТЫНАСТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 67 (Трав 2021).