Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҰЛТТЫҚ МҰРА ЖӘНЕ КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Жарияланған May 2021

263

242

Аңдатпа

Мақалада автор көне түркі жазба ескерткіштерінің тарихи танымдық маңызына баға бере отырып сипаттайды. Сонымен қатар дала өркениеті тарихындағы түркі жазба ескерткішьерінің рөліне тоқталған. Көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеу түркі тілдес халықтардың ортақ тарихы, тілі мен діні, рухани және материалдық мәдениетінің болғандығын сипаттау үшін өте қажет. Көне түркі жазба ескерткіштерінің мәтіндеріндегі азаттық пен мемлекеттілік идеяларының маңызы зор. «Мәңгі ел», «Қасиетті Жер-Су» ескерткіштерде кездесетін мемлекеттік идеялардың мәні өте құнды. Жазба ескерткіштердегі сыртқы саяси қарым-қатынастарға байланысты тарихи деректік материалдар Түркі қағанатының сол кезеңде Қытай, Византия, Иран, эфталиттер мемлекеті сияқты қуатты империялармен терезесі тең ел болып, Еуразия континентіндегі геосаяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды роль атқарғанын көрсете алғандығын дәлеледейді. Осы тұрғыда автор әлемдік өркениеттегі түркі жазба ескерткіштерінің тарихи мәнін ашуды негізге алады. Сонымен қатар автор түркілік жазба мұралардың түркі халықтары мәдениеті мен өркениетіндегі орны мен рөлі, оны зертеп-зерделеудің маңызы, зерттеудің негізгі бағыттары мен нысаны, олардың өзектілігі туралы мәселелерді сөз етіп, нақты дәлелдермен қарастырған

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Бекенова, Ф. 2021. ҰЛТТЫҚ МҰРА ЖӘНЕ КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 67 (Трав 2021).