XIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласының Жошы ұлысының құрамына енуімен, жаңа мемлекеттік сипаттың басталғандығы белгілі. Еуразия тарихындағы алып мемлекеттердің қатарынан орын алатын Алтын Орда мемлекетін ортағасырлық деректерде Жошы ұлысы деп атағандығы жазылады. Алтын Орда әскери күш-қуаттың ғана емес, мәдениет пен өркениеттің жаршысына айналды. Аталған мәдени дамудың бір белесін батырлар жырының құрайтындығы сөзсіз. Батырлар жыры арқылы арқылы біз сол дәуірдің тұрмыс-салты мен шынайы өмірінің қатпарларын тани аламыз. Мақалада Жошы ұлысында туындаған батырлар жырының тарихи деректік маңызына баға беріліп, авторлық өзіндік көзқарас айқындалған.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Нарымбет , Г. 2021. ҚАЗАҚ БАТЫРЛАР ЖЫРЫ – ЖОШЫ ҰЛЫСЫ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕК КӨЗІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 67 (Трав 2021).