Патша үкiметiнiң шешiмiмен және оның жергiлiктi әкiмшiлiгi қаражатына және солардың тiкелей бақылауымен 27 жыл бойы шығып тұрған ресми сипаттағы қазақ тiлiндегi алғашқы мерзiмдi басылымдар “Түркiстан уалаятының газетi” мен “Дала уалаятының газеттерiндегi” мақалалардың тақырыптарына және мазмұндарына қарай талдау жасау, олардың беттерiнде қазақ балаларын оқыту мәселесiне қатысты бiршама материалдардың басылғандығын көрсеттi. Әрине, оларда да ХІХ ғасырдың соңындағы халқымызды оқу-ағарту тарихының дерек көздерін құрайды. Мәселе, тек сол мақалалардың кiмдердiң мүддесiне сай пайда болғандығында және дерек көздері ретiнде қандай мәлiметтер жеткiзiп отырғандығында.
Мақалада деректану ғылымының талаптарынан шыға отырып аталған басылымдардағы мақалаларға талдау жасап, ең алдымен, олардың кездейсоқ пайда болмаған объективтi дүниелер екендiгi көрсетілген. Өйткенi олар белгiлi бiр қоғамдық құбылыстардың салдарында пайда болған, сондықтан оларда қазақтарды оқыту iсiне қатысты мәлiметтер салынған. Атап айтқанда, олардың дерек көздерi ретiндегi объективтiлiгi, сол газеттердiң ХIХ ғасырдың соңындағы жалпы Қазақстан тарихының дерек көздерi ретiндегi объективтiлiгiмен, яғни олардың жарыққа шығу себептерiмен тiкелей байланысты.
«ТҮРКIСТАН УАЛАЯТЫНЫҢ ГАЗЕТI» МЕН «ДАЛА УАЛАЯТЫНЫҢ ГАЗЕТIНДЕГI» ОҚУ-АҒАРТУ ТУРАЛЫ МӘЛIМЕТТЕРДІҢ ТАРИХИ ДЕРЕКТIК МАҢЫЗЫ
Жарияланған May 2021
392
44
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Шорманова , А. 2021. «ТҮРКIСТАН УАЛАЯТЫНЫҢ ГАЗЕТI» МЕН «ДАЛА УАЛАЯТЫНЫҢ ГАЗЕТIНДЕГI» ОҚУ-АҒАРТУ ТУРАЛЫ МӘЛIМЕТТЕРДІҢ ТАРИХИ ДЕРЕКТIК МАҢЫЗЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 67 (Трав 2021).