Қазақстанның далалық аймағындағы орман мен орман алқаптары бұл өлкенің аграрлық келбетінің маңызды элементі болып саналады. Ресей империясының Қазақ жеріндегі аграрлық отарлау саясаты шаруаларды қоныс аударумен, құнарлы жерлерді жаппай тартып алумен ғана сипатталмайды, сонымен бірге орман алқаптарын тартып алу арқылы көрініс тапты. Патша үкіметі 1891 жылы қабылданған Далалық ережеге сәйкес Қазақ жеріндегі орман алқаптары Ресейдің мемлекеттік меншігіне өтті. Аграрлық отарлық саясат барысында далалық облыстардағы орман алқаптары тауарлы өндіріс көзіне айналды. Бұл факторлар ХІХ-ХХ ғ. тоғысында далалық облыстардың аграрлық келбетінің өзгеруі мен экожүйенің дағдарысына алғышарт болды.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАЛАЛЫҚ АЙМАҒЫНДА ОРМАН АЛҚАПТАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТАРИХЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ (ХІХ ғ. ІІ-жартысы – ХХ ғ. басы)
Жарияланған December 2020
153
229
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Шаяхметов , Н. 2020. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАЛАЛЫҚ АЙМАҒЫНДА ОРМАН АЛҚАПТАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТАРИХЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ (ХІХ ғ. ІІ-жартысы – ХХ ғ. басы). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 67 (Груд 2020). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-5461.01.