Мақалада Шығыс Қазақстанның Аягөз, Зайсан, Шар, Шемонаиха, Зыряновск, Курчатов, Риддер, Серебрянск шағын қалаларының тарихы мен аймақ өңіріндегі осы қалалардың әлеуметтік –экономикалық жағдайына әсері тарихи тұрғыда зерттелген. Сонымен қатар Кеңестік дәуірдегі Шығыс Қазақстандағы моноқалаларының әлеуметтік- экономикалық жай-күйіне талдау жасау арқылы, моноқалалардың өнеркәсіптік өндірісінің тиімділігін айқындалды. Мақала барысында аймақтағы шағын қалалар тарихының ақтандақ беттерінің толысуына, сондай-ақ ұзақ мерзімдегі тоталитарлық жүйе кезеңіндегі шағын қалалардың маңызын тарихи тұрғыдан жеткізуге талпыныс жасалды.
Риддер, Зырян, Серебрянск және Курчатов моноқалалары басым өнеркәсіп салалары бағытында қарастырылған. Шығыс Қазақстан облысы моноқалаларның кеңестік дәуірдегі экономикалық мүмкіндіктерін көрсететін деректерге мән берілді.
Шығыс Қазақстандағы шағын қалалардың қалыптасуы және дамуы өнеркәсіптің базалық салаларының ерекшелігін қалыптастырудың шешуші әсері арқылы жүргендігі басты назарда сипатталды.
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШАҒЫН ҚАЛАЛАРЫНЫҢ КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Жарияланған December 2020
492
130
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Аманбекова , Н. 2020. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШАҒЫН ҚАЛАЛАРЫНЫҢ КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 67 (Груд 2020). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-5461.17.