ХІХ ғасырдың соңында халық ағарту саласында айтарлықтай өзгерістердің болуы, мектептер мен медреселердің көптеп ашылуына алып келді. Қазақстанда оқу жүйесінің өзгеруі жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын, сөздіктерін талап етті. Патша үкіметі қазақ жастарын оқу жүйелеріне тарту арқылы өзінің сөзінен шықпайтын, айтқанын орындайтын мамандар даярлауға тырысты. Осы ретте қазақ балаларын ірі орыс қалаларында оқыту, қазақ даласында орыс түріндегі мектептер ашуды жүзеге асыруды миссионерлер жіберу арқылы қолға алу көзделді. Діни бағытта медреселерде дәріс беріп жүрген татар молдаларын қудалау, олардың шығарып жатқан діни кітаптарына тыйым салып, керісінше христиан дінін насихаттайтын кітаптарды шығаруды басты міндеттеріне санады. Педагогикалық көзқарас бойынша бұл басылымдардың арасынан бұратана халықтарға арналған әліппе мен орыс тілі оқулығы ерекшеленді. Бұратана халықтар оқитын орыс мектептерінде діни-өнегелік тәрбие беру мақсатында осы мазмұндағы кітаптарды шығару мәселесі де жолға қойылды.
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ОҚУ-АҒАРТУ ҚЫЗМЕТІ (XIX ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ МЕН XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ)
Жарияланған December 2020
225
156
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
оқу-ағарту, ұлттық элита, медресе, бұратана, тарих, дін
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Калдыбаева, С. 2020. ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ОҚУ-АҒАРТУ ҚЫЗМЕТІ (XIX ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ МЕН XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 67 (Груд 2020). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-5461.10.