Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ТАРИХЫНАН

Жарияланған December 2020

204

156

Аңдатпа

Мақалада 1941-1945 жылдарда өткен Ұлы Отан соғысы тарихының бірғана бөлшегі – майдандағы қазақ тілінде жарық көрген газеттер туралы. Яғни, сол сұрапыл соғыстағы қазақ жауынгерлерінің, қазақстандық халықтардың ержүрек ұлдары мен қыздарының, КСРО мемлекеті азаматтарының отты шайқастардағы ерлігі мен тылдағы ерен еңбектерінің шежіресі. Сол кездегі қазақ журналистикасының ең кең тараған, әрі жан-жақты дамыған саласы - күнделікті басылымдар, газеттер, барша жаңалықтарды қоғамға, оқырмандарға үзбей жеткізіп тұрды. Егер шындығында, бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) ел алдындағы, Жаратушы алдындағы, қоғам үшін ең басты парызы мен міндеті - ақиқатты мүлтіксіз тарату арқылы барша азаматтардың сана сезімін оң бағытқа баулап, қоғамның дамуын қамтамасыз ету болса, соғыс жылдары БАҚ қызметкерлері өз борыштарын толығымен іске асырды, орындады, Отанды қорғаудың үлгілі жолдарын баяндады, тарихи мұра ретінде ұрпақтарға табыс етті. Бұл біздер үшін, біздердің болашақ ұрпақтарымыз үшін мәні мен құны мәңгілік тарихи деректер.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Батырбек ызы, Г., Мекебаев T. і Құмғанбаев, Ж. 2020. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ТАРИХЫНАН. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 67 (Груд 2020). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-5461.18.