Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ-ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ҰЛТТЫҚ АХУАЛ ЖӘНЕ ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН (ХХ ҒАСЫРДЫҢ 50-60 жж.)

Жарияланған May 2021

70

0

Аңдатпа

Мақалада ХХ ғасырдың 50-60 жылдарындағы Қазақстандағы саяси-идеологиялық ахуалмен қатар шығармашыл интеллигенцияның оның ішінде ғұлама ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның өнімді еңбегі қарастырылған. Сонымен қатар автор идеологияның үстемдік құрып тұрған кезеңде ұлттық бірегейлікті зерттеулерімен сақтап, насихаттай білген Ә. Марғұлан жан-жақты энциклопедиялық білімін қазақ халқы тарихының жоғалып кеткен тұстарының бөлшектерін құрастырып, қайта жасағандығы зерделеген. Мақалада қарастырылып отырған кезеңде билік басындағылар «көшпенді» деген ұғымды көпшіліктің санасына «дамуы жағынан артта қалған» деп ұғындыруға тырысқан заманда Әлкей Хақанұлы бар саналы ғұмырын осы тұжырымды теріске шығаруға бағытталғаны баяндалған. Және де Ә. Марғұланның тұлғатанудың жарқын үлгісі – Шоқантанудың негізін қалағандығы назардан тыс қалмаған. Мақала AP08956066 «Академик Әлкей Марғұланның ғылыми-эпистолярлық мұраларын жинақтау, жүйелеу және зерттеу (пікірлер (отзывы), рецензиялар, хаттар, ашық хаттар (открыткалар)» жобасы аясында дайындалған.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Коскеева, А. 2021. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ-ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ҰЛТТЫҚ АХУАЛ ЖӘНЕ ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН (ХХ ҒАСЫРДЫҢ 50-60 жж.). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 67 (Трав 2021).