Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ МАЙТАЛМАНЫ

Жарияланған May 2021

116

44

Аңдатпа

Автор мақалада қазақ мәдениетінің өркендеуіне қомақты үлес қосқан Ілияс Омаровтың мемлекеттік қызметі мен өмір жолын қарастырады. Автор І.Омаровтың әдебиет-өнер саласындағы шығармалары ұлтын сүюдің, экономика саласындағы шығармалары көрегендіктің көрінісі деп есептейді. Оның өз халқына деген сүйіспеншілігі мен үлкенді кішілі істердегі батылдығы қазіргі кезеңде жастар үшін үлгі болары сөзсіз. І.Омаров қазақ қоғамының рухани әлемі үлкен трансформацияға ұшырап, орыстандырылып бара жатқанын сезбеді, көрмеді десек, қатты қателесер едік. Соны сезіп, түсінгеннен кейін рухсыздануға, мәдени ерекшеліктерімізден ажырауымызға қарсы тосқауыл болудың жолдарын жанталаса іздеді. Бұл ізденісте І.Омаров жалғыз болған жоқ. Бірақ ұлттық мәдени мұраны сақтау үшін күрескен азаматтардың, зиялы қауымның көшбасшысы болғаны анық еді.

pdf