Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

1990-ШЫ ЖЫЛДАРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДА ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЕН ӨТКІЗУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АСПЕКТІ

Жарияланған May 2021

364

125

Аңдатпа

Мақалада ЮНЕСКО аясында 1995 жылы Қазақстанда және әлемде Абайдың 150 жылдығын халықаралық деңгейде атап өтудің негізгі оқиғалары қарастырылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатынан, сол кездегі мерзімді басылымдарда жарияланған материалдар мен жеке дереккөздері пайдаланылған мәліммет ер ретінде көрсетілген. Бұл ретте мақалада пайдаланылған мұрағаттық материалдардың бір бөлігі ғылыми айналымға алғаш рет енгізілді.
ЮНЕСКО-ның күнтізбесінде аталған «1995 жыл – Абай жылы» тек қана Қазақстан үшін емес, халықаралық қоғамдастық үшін де ерекше жыл болды.
Бұл ауыр қаржылық және адамгершілік дағдарысты бастан кешкен ел халқы үшін өте қиын кезең болды. Сонымен қатар, бұл Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу кезеңі еді. Ел басшылығы қалыптасқан қиындықтарға қарамастан, қоғамды топтастыру және рухани тәрбиелеу бойынша күш-жігерді жұмылдыра білді. Абайдың 150 жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізілген іс-шаралар қазақстандықтарды рухани біріктіру міндетін атқарған тәсілдің бірі болды.
Дереккөздер көрсеткендей, Абайдың мерейтойын атап өту барысында іс-шаралардың басым бөлігі халықаралық деңгейде өтті: шетелдік қайраткерлерді шақыру және олардың қатысуы, таныстырылым және шетелдерде әртүрлі еске алу іс-шараларын өткізу, Абай шығармаларын шет тілдеріне аудару және басқалары.
ЮНЕСКО сияқты аса беделді ұйымның мерейтойға назар аударуы республиканың халықаралық беделін нығайту үшін маңызды қадам болды. Алуан түрлі іс-шаралар Қазақстанның ауқымды әлемдік аудиторияны қамтыған, барынша ұйымдастырушылық және шығармашылық әлеуетін көрсетуге ықпал етті.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Лапин, Н. 2021. 1990-ШЫ ЖЫЛДАРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДА ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЕН ӨТКІЗУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АСПЕКТІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 66 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-5461.14.