Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ КЕНТАУ ЖӘНЕ АШЫСАЙ КОММУНИКАТИВТІК ЖАДЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МАЗМҰНЫ

Жарияланған May 2021

340

120

Аңдатпа

Мақала 2015-2019 жылдары Кентау мен Ащысай тұрғындарымен сұхбаттасу барысында тарихи әңгімелердегі сөйлеу ахуалының мазмұны мен жүзеге асырылуын талдау негізінде коммуникативті жадының көріністеріндегі ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Мақала фил.ғ.д., И.В. Тивьяеваның мнемикалық белсенділіктің когнитивті-коммуникативті тұжырымдамасы арқылы қарастырылған. Автор үш буын респонденттерінің табиғи тіліндегі есте сақтау процестерін ауызша кодтау ерекшеліктерін қарастырады (автор респонденттерді алғашқы әлеуметтенуі өткен әр түрлі тарихи кезеңдерге сәйкес шартты түрде бөлген): 1) 1920-1930 ж.ж. туғандар; 2) 1940-1950 жылдары туылғандар; 3) 1960 жылдары туылған.
Моноқала тұрғындарының ХХ ғасырдағы жалпы тарихи оқиғалар мен мәдени кодекстің контекстіндегі өмірі туралы естеліктерінің дискурсивтік мазмұнын, сұхбаттарының ақпараттық баяндауындағы мәдени кодты, олардың өткенін әр ұрпақтың қабылдауының айырмашылығын немесе сәйкестігін анықтау – жұмыстың мақсаты болып табылады. Кентау-Ащысай тұрғындарының естеліктеріндегі бірегейлік сипаты қарым-қатынас тілі, мәдени кодтар және респонденттердің эмоционалдық жағдайы сияқты маркерлер арқылы анықталады.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Далаева , Т. 2021. ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ КЕНТАУ ЖӘНЕ АШЫСАЙ КОММУНИКАТИВТІК ЖАДЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МАЗМҰНЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 66 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-5461.02.