Мақалада көші-қон процестері және олардың ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы Қазақстан халқының демографиялық және этникалық құрылымының өзгеруіне тигізген әсері қарастырылған. Бұл кезең тарихқа «күштеп ұжымдастыру», «үдемелі индустрияландыру», жаппай саяси қуғын-сүргін және тұтас халықтарды жер аудару кезеңі ретінде енді. Қазақстан осы үдерістер ең өткір сезілген және қайғылы оқиғаларға алып келген аумаққа айналды. Ұлы аштықтың салдарынан миллиондаған қазақтар қаза тауып, өз Отанын тастап кетуге мәжбүр болды – мұның барлығы бүкіл этностың жоғалуына алып келуге шақ қалды. Республика халқының этникалық құрамында түбегейлі өзгеріс орын алды, ол қазақтардың саны мен үлесінің едәуір төмендеуімен, орыс және славян этностарының саны мен үлесінің артуымен, депортацияланған халықтардың есебінен көпэтникалық құрамның қалыптасуымен ерекшеленді.
МИГРАЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҒДАЙҒА (ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ, 30-40 ЖЫЛДАР) ӘСЕРІ
Жарияланған May 2021
173
140
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
Қазақстан территориясына миграция, жер дауы, көші-қон басқармасы,бай-құлақтарды жер аудару, қуғын-сүргін, депортацияланған.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Найманбаев, Б. 2021. МИГРАЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҒДАЙҒА (ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ, 30-40 ЖЫЛДАР) ӘСЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 66 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-5461.15.