Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

С.АМАНЖОЛОВТЫҢ ҚАЗАҚ БІЛІМІ МЕН ҒЫЛЫМЫН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Жарияланған May 2021

120

51

Аңдатпа

Мақалада С. Аманжоловтың қазақ білімі мен ғылымын дамытуға қосқан үлесі жан-жақты зерттелген. Ғалымның шығарған оқу-әдістемелік еңбектерінің құндылығына талдау жасалған. С.Аманжоловтың ғылыми жетістіктеріне баға берілген. 2003 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне тілтанушы-түрколог, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсен Аманжоловтың есімі берілді. Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының мүше корреспонденті болып сайланды. Қазіргі кезде оның ондаған оқушылары тіл білімі саласында зерттеулер жүргізеді. С. Аманжолов сынды ерең тұлға, үлкен ғалым және елінің ұлтжанды ұлы туралы ғылыми зерттеулер бүгін де өз мәнін жоймақ емес.
2007 жылы қаңтарда университеттің 55 жылдық мерейтойына орай С. Аманжоловқа арналған ескерткіш қойылды. Мүсіннің жобасын атақты архитекторлар А.Е. Сергебаев пен Б.А. Әбішев жасады. Ескерткіштің төменгі жағына соғылған ашылған кітап түріндегі мүсін гүл шоқтарын қоюға арналған.
Ескерткіштің көркем-өнерлік және әлеуметтік мәні болғандықтан, оны 2008 жылы әзірлеген Қазақстандағы тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне қосты.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Өскембай, А. 2021. С.АМАНЖОЛОВТЫҢ ҚАЗАҚ БІЛІМІ МЕН ҒЫЛЫМЫН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 66 (Трав 2021).