Мақалада ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасқан қазақ интеллигенциясының өкілі, дарынды публицист, журналист, қоғам қайраткері Жанұзақ Жәнібековтің «Алаш» партиясының баспа органы болған «Қазақ» газетіндегі редакторлық қызметі сараланды.
Алаш кезеңін қаузаған ғылыми әдебиеттер мен зерттеулердегі Жанұзақ Әлжанұлы басшылық жасаған «Қазақтың» нөмірлері туралы деректер зерделенді. Ғылыми мәліметтер мен тарихи даталардың бір-бірімен үйлеспейтіні алға тартылып, нақты ғылыми шешім жолында ізденіс қарастырылды.
Сондай-ақ, мұрағат қорларындағы «Қазақ» газетінің түпнұсқа тігінділерінен келтірілген ғылыми айғақтар дәйектеліп, ғылыми пайымдалды.
Мақала барысында Алаш кезеңіне қатысты зерттеулерде кездесетін тарихи мәліметтер ғылыми дәлелдемелер арқылы өз маңызын жойғанына куә боламыз.
Жанұзақ Әлжанұлының редактор болған «Қазақ» газетінің нөмірлері нақтыланып, дәйектелді және тұжырымдалған ғылыми шешімге қол жеткізілді.
АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ ЖАНҰЗАҚ ЖӘНІБЕКОВТІҢ «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНДЕГІ РЕДАКТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҒЫЛЫМИ ТҰЖЫРЫМДАУ
Жарияланған May 2021
247
71
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ибраева, Э. 2021. АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ ЖАНҰЗАҚ ЖӘНІБЕКОВТІҢ «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНДЕГІ РЕДАКТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҒЫЛЫМИ ТҰЖЫРЫМДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 66 (Трав 2021).