Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЖАҢА ӘДІСТІ МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ

Жарияланған September 2026

0

0

1Алматинский гуманитарно-экономический университет
Аңдатпа

Мақалада ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Орталық Азиядағы жаңа әдісті мектептердің қалыптасуы, даму ерекшеліктері және тарихи маңызы қарастырылады. Зерттеуде жәдидшілдік қозғалысының ағартушылық идеяларының білім беру жүйесін жаңғыртудағы рөлі талданып, жаңа әдісті мектептердің пайда болуына ықпал еткен саяси, әлеуметтік және мәдени алғышарттар айқындалады. Сонымен қатар Түркістан өлкесі, Қазақстан, Бұхара Әмірлігі және Хиуа хандығындағы жаңа әдісті оқу орындарының қызметі салыстырмалы тұрғыдан зерттеледі. Мақалада дәстүрлі мұсылмандық білім беру жүйесінен жаңа оқыту әдістеріне көшу үдерісі, оқу бағдарламаларына зайырлы пәндердің енгізілуі және олардың халықтың білім деңгейін арттырудағы ықпалы көрсетіледі. Зерттеу барысында тарихилық, салыстырмалы-тарихи, талдау және синтез, индукция мен дедукция, хронологиялық әдістер қолданылды. Архивтік құжаттар, мерзімді басылымдар және отандық әрі шетелдік ғылыми еңбектер негізінде жаңа әдісті мектептердің ұлттық сана-сезімнің өсуіне, мәдени жаңғыруға, ағартушылық қозғалыстың дамуына және ұлттық интеллигенцияның қалыптасуына қосқан үлесі бағаланады. Зерттеу нәтижесінде жаңа әдісті мектептердің дәстүрлі мұсылмандық білім беру жүйесін реформалаудағы, зайырлы пәндерді енгізудегі, ұлттық интеллигенцияның қалыптасуындағы және қоғамдық-саяси сананың жаңаруындағы орны айқындалды.

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Кадиркулова, Г., Омарова , А. і Утешова, .А. 2026. ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЖАҢА ӘДІСТІ МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 90 (Вер 2026), 37–50. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.90.3.003.