Өмірбаян жанры, тарихи процестің кез-келген аспектісін қамтуға лайықты, әсіресе жеке шығармашылық қағидатқа бөленетін рухани өмірге келгенде тиімді.Қазіргі таңда ғылымның қалыптасуы мен дамуындағы нақты ғалымдардың рөлін ұғыну және анықтау, зерттеушілердің шығармашылық мәнін бағалау үрдісі байқалды. Тарихи зерттеулерде ғалымдардың өмірбаяны ғылыми бағыттардың бірі болып табылады. Белгілі бір ғалымның ғылыми, қоғамдық қызметі қоғамның әлеуметтік- мәдени дамуын көрсетеді.
Осы мақалада академик А.С. Сагиновтың жеке тұлғасының қалыптасуы және ғылыми өсуінің сатылары көрсетілген . Қазақстанның техникалық білімі мен ғылымын дамытуға қосқан үлесі, республиканың инженерлік кадрларын қалыптастырудағы рөлі, қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан ғылыми-педагогикалық идеялары қарастырылды
АКАДЕМИК А.С. САҒЫНОВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК КАДРЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ
Жарияланған May 2021
253
42
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Даниярова , А. 2021. АКАДЕМИК А.С. САҒЫНОВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК КАДРЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 66 (Трав 2021).