Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТІК НЕГІЗІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫ СТАТИСТИКАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯЛАРЫНЫҢ РӨЛІ: «ҚЫРҒЫЗДАРДЫҢ ЖЕР ПАЙДАЛАНУ МАТЕРИАЛДАРЫ» МЫСАЛЫНДА

Жарияланған September 2026

0

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Аңдатпа

Мақала ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының тарихы бойынша негізгі дереккөздердің бірі – «Қырғыздардың жер пайдалану материалдары» көптомдық жинағын деректанулық талдауға арналған. Зерттеу мақсаты – материалдардың қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық дамуын, жер пайдалану,   демографиялық жағдайын және тарихи-географиялық ерекшеліктерін сипаттаудағы рөлін айқындау. Зерттеу барысында деректанулық талдау, жүйелеу, тарихи-салыстырмалылық және жалпылау әдістері кешенді пайдаланылды.

«Қырғыздардың жер пайдалану материалдарының» ғылыми құндылығы ондағы деректердің алуан түрлілігімен ғана емес, оларды жинаудың әдіснамалық принциптерімен де ерекшеленеді. Материалдар арнайы ұйымдастырылған статистикалық экпедициялар барысында сауалнамалар, сандық есептеулер, далалық бақылаулар, картографиялық жұмыстар барысында жиналды, бұл өз кезегінде ақпараттың жоғары жүйелілігін және салыстырмалылығын қамтамасыз етті. «Қырғыздардың жер пайдалану материалдарынан» алынған мәліметтер шетелдік және отандық зерттеушілердің еңбектерінде кеңінен қолданылғанын және қазіргі заманғы тарихи зерттеулер үшін өзекті тақырып екенін атап өту қажет.

Зерттеу барысында «Қырғыздардың жер пайдалану материалдары» дереккөзін кешенді талдау арқылы бірқатар маңызды тұжырымдар жасалды. Аталған мәліметтер жинағын саралау ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басындағы қазақ қоғамының дамуының тұрақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи-географиялық сипатын қайта құрастыруға негіз болды, сондай-ақ империялық білімнің қалыптасу тетіктерін тереңірек түсінуге жол ашты.

Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Амангелді , Қ. і Ташағыл A. 2026. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТІК НЕГІЗІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫ СТАТИСТИКАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯЛАРЫНЫҢ РӨЛІ: «ҚЫРҒЫЗДАРДЫҢ ЖЕР ПАЙДАЛАНУ МАТЕРИАЛДАРЫ» МЫСАЛЫНДА. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 90 (Вер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.90.3.028.