Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚОРҒАН ЖӘНЕ ТҮМУЛУС ДӘСТҮРЛЕРІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ НАНЫМ-СЕНІМДЕРДІҢ КӨРІНІСТЕРІ

Жарияланған June 2026

0

0

Ankara Hacı Bayram Veli University
Аңдатпа

Бұл зерттеу түркі әлемінің мәдени және рухани кеңістігін қарастыра отырып, Орталық Азиядағы қорғандардан Анадолыдағы түмүлүстерге дейінгі монументалды жерлеу архитектурасын талдайды. Өлімнің өмірлік циклдің соңғы кезеңі ретінде қабылдануы — туылу мен некеден кейінгі саты – оның түпкілікті аяқталуы емес, керісінше өзге бір болмысқа өтудің шекті кезеңі (лиминалды шекара) екендігі туралы түсінікке негізделеді. Осы тұрғыда бұл монументалды құрылыстардың тек қарапайым жерлеу орындары шеңберінен асып түсетіні айқын. Олар географиялық кеңістіктің отанға айналуын айғақтайтын ‘‘онтологиялық мөрлер» және «өркениеттік иелік құжаттары» ретінде қарастырылуы мүмкін.

Зерттеу археологиялық деректер мен фольклорлық материалдарды пайдалана отырып, түркі жерлеу дәстүрлеріне тән эсхатологиялық сабақтастықты айқындайды. Бұл сабақтастық неолит дәуірінен бастап сақ, ғұн және көк түрік кезеңдері арқылы жалғасып, ислам дәуіріндегі түрбе мен күмбез архитектурасына ұласқан. Жұмыста негізгі ритуалдық компоненттер әлеуметтік иерархия мен жанның мәңгілік сапарына деген сенімнің көрінісі ретінде талданады. Олардың қатарына кеңістікті қасиеттендіру (ритуалдық топография), белгісіздіктен қорғау мақсатындағы қабірлерді метафизикалық ‘‘мөрлеу’’, сондай-ақ қабірге қойылатын заттар (жылқы, қару-жарақ және тұрмыстық бұйымдар) жатады. Зерттеу қорғандар мен түмүлүстердің Еуразия даласы өркениеттерінің ұжымдық жадын, әлеуметтік құрылымдарын және тұрақты мәдени бірегейлігін сақтайтын, Қазақстан мен Түркия арасындағы географиялық әрі уақыттық кеңістікті байланыстыратын ерекше ‘‘уақыт капсулалары’’ екенін көрсетеді.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Şenyurt , Y.S. і Satayeva, B. 2026. ҚОРҒАН ЖӘНЕ ТҮМУЛУС ДӘСТҮРЛЕРІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ НАНЫМ-СЕНІМДЕРДІҢ КӨРІНІСТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 89 (Чер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.89.2.018.