Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ДИСКУРСЫНДАҒЫ «ТҮРКІСТАН» КОНЦЕПТІСІ

Жарияланған June 2026

0

0

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ж.К. Ахметова

тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а., Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

А.Ж. Асанбаева

педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қазақстан, Қызылорда

Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық Университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

К.Д. Саипова

тарих ғылымдарының докторы, профессор, Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық Университеті, Өзбекстан, Ташкент

Аңдатпа

Мақала ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының дискурсында «Түркістан» концептісінің идеологиялық және мәдени феномен ретіндегі кейбір қырларын талдауға арналған. Кейінгі империялық және ерте кеңестік трансформациялар жағдайында түрік бірлігі мен аймақтық ынтымақтастық идеясының қалыптасуына ықпал еткен зияткерлік, саяси және әлеуметтік-мәдени алғышарттар қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі ұлт-азаттық қозғалыстың идеялық негіздерін, ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы интеллигенцияның рөлін және түркі халықтарының саяси бірігу үдерісіндегі Түркістан концептісінің маңызын кешенді тұрғыдан пайымдау қажеттілігімен айқындалады. Аталған мәселелерді зерделеу Орталық Азия кеңістігіндегі тарихи өзін-өзі айқындау мен мәдени топтасу тетіктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Мақаланың мақсаты – қазақ интеллигенциясының зияткерлік дискурсында «Түркістан» концептісінің негізгі идеологиялық және мәдени аспектілерін айқындау және талдау. Негізгі міндеттерге концептің идеялық қайнар көздерін ашу, оның қалыптасуындағы ұлттық интеллегенциясының рөлін анықтау және кеңестік кезеңдегі трансформациясына әсер еткен факторларды талдау жатады.

Материалдар мен әдістер. Зерттеу архив құжаттарға, публицистикалық және бағдарламалық материалдарға, сондай-ақ отандық ғалымдардың ғылыми еңбектеріне негізделген. Жұмыста тарихилық, салыстырмалы-тарихи және дискурс-талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу нәтижелері ретінде Түркістан концептісі түркі-мұсылман халықтарының бірлігі, отаршылдыққа қарсы күрес және саяси автономияға ұмтылыс идеяларын тоғыстырғаны анықталды. Қазақ интеллигенциясы өкілдерінің қызметі оның институционалдануына ықпал етті, алайда аймақтың полиэтникалық сипаты мен большевиктік биліктің қысымы бұл идеяның практикалық тұрғыда жүзеге асу мүмкіндігін шектеді. Түркістан концептісі қазақ интеллигенциясының ұлттық санасы мен саяси мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарып, түркі әлемінің даму контекстінде тарихи және идеялық құндылығын сақтап қалды.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Akhmetova, Z., Asanbaeva, A. і Saipova, K. 2026. ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ДИСКУРСЫНДАҒЫ «ТҮРКІСТАН» КОНЦЕПТІСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 89 (Чер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.89.2.002.