Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

А 1940 ЖЫЛДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ – 1950 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ТҰРМЫСЫНЫҢ МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗДЕГІ КӨРІНІСІ

Жарияланған September 2026

0

0

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

А.К. Мухамбетгалиева

Тарих ғылымдарының кандидаты, қоғамдық -гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

М.К. Исламов

PhD, қоғамдық -гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті

Т. Ж. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Б.Б. Байшов

PhD, Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі
Аңдатпа

Мақалада 1946–1953 жылдардағы Ақтөбе облысы тұрғындарының соғыстан кейінгі күнделікті өмірін қайта құру ерекшеліктері кеңестік мерзімді баспасөз материалдары негізінде қарастырылған. Бұл кезең Қазақстан халқының демографиялық жағдайы мен өмір сүру деңгейіне айтарлықтай әсер еткен соғыстан кейінгі қалпына келтіру кезеңі ретінде сипатталады. Қалалық күнделікті өмірдің сан алуан қырларын, жұмыс күндерін, қаржылық қиындықтарды, әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді, қоғамдық көңіл-күйді көрсететін ақпараттық-сараптамалық, публицистикалық басылымдар талданады.

Зерттеудің мақсаты – аймақтағы күнделікті өмірдің жергілікті баспасөзде қалай көрініс тапқанын зерттеу. Бастапқы материал халық өмірінің әлеуметтік-экономикалық, тұрмыстық, мәдени аспектілерін анықтауға мүмкіндік беретін облыстық газеттердегі («Ферросплавщик», «Актюбинская правда», «За большевистские колхозы», «За металл», «За коммунизм») материалдардан тұрады. Авторлар күнделікті өмірдің ерекшеліктерін анықтай алды, әйелдердің рөлін түсінді, сонымен қатар колхоздардың жетістіктері мен аймақтағы құрылыс процестерін көрсетті. Газет материалдары кеңестік аймақтардағы өмір салтын алуан түрлілігін зерттеуге мүмкіндік беретін ең кең таралған және қолжетімді тарихи дереккөздердің бірі болып саналады. Сонымен бірге, авторлар кеңестік кезеңдегі газеттер өмірдің «дұрыс» суретін жиі жасап, идеологиялық көзқарасқа бағдарланғанын, соның салдарынан нақты күнделікті мәселелер үзік-үзік жазылғанын немесе мүлде көрсетілмегенін жоққа шығармайды.

Баспасөздің қосарлы рөлі туралы қорытынды жасалды: бір жағынан, ол мемлекеттік органдардың рөлін күшейтсе, екінші жағынан, билік қоғамның көңіл-күйі мен қажеттіліктері туралы ақпарат алды.

PDF (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Мухамбетгалиева, А., Исламов , М. і Байшов, Б. 2026. А 1940 ЖЫЛДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ – 1950 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ТҰРМЫСЫНЫҢ МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗДЕГІ КӨРІНІСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 90 (Вер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.90.3.005.