Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

СЕМЕЙ СЕМИНАРИЯСЫ ЖӘНЕ АЛАШШЫЛ-ПЕДАГОГ ТҮЛЕКТЕР ТӘЖІРИБЕСІН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ (19021920 жж.)

Жарияланған September 2026

0

0

Әлихан Бөкейханов университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ж.С. Ерденбекова

Әлихан Бөкейханов университетінің докторанты

Абай атындағы ҚазҰПУ
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

З.Б Мырзатаева

Айтылған тарих ғылыми лабораториясының жетекшісі, т.ғ.к.

 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Б. Мұратбекқызы

Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы

Аңдатпа

Аңдатпа

            Қазақ жеріндегі патша әкімшілігінің білім беру саясаты ғасырлар бойы  экономикалық және саяси бағытта жүргізілген экспансиямен қатар өрбіді. Соған сәйкес ХХ ғасырдың басында өмірге келген Семей мұғалімдер семинариясы өңірде жалпыимпериялық идеяны іске асыратын кәсіби мұғалімдер кадрын даярлауды мақсат етті. Алайда оны оқып шыққан қазақ жастары тек ұстаз емес, қоғам мәселелерін терең түсінетін, саяси-ағарту жұмыстарына даяр нағыз зиялы болып шықты. Мақалада алға қойылған мақсат - қазақ топырағында ашылған алғашқы орта білім ордасы - Семей мұғалімдер семинариясының қызметін, оның мақсаты мен міндетін анықтап, онда білім алған алашшыл-педагог буынның қызметі мен тағылымына талдау жасау, сонымен қатар олар жүріп өткен бұл тарихи тәжірибені бүгінгі жастарға сабақтастықта жеткізу.

            Педагог қайраткерлердің семинариядағы (1903-1920) оқушылық кезеңі, одан кейінгі жылдардағы (1920-1930) алаш қозғалысына қатысты қызметі жаңа архивтік құжаттар негізімен талдауға алынды. Автор мақалада семинарияның бірқатар алашшыл-педагог түлектерінің қызметіне алғаш рет тарих ғылымы саласынан ғылыми-теориялық талдау жасайды.

            Семинария түлектерінің күрескерлік қызметін көрсететін құжаттар жүз жыл құпия сақталған онекітомдық «Алашорда ісі» атты жинақта кездеседі. Бұл құжаттар бұрын-соңды ғылыми айналымға тартылмаған. Мақалада аталған құжаттар негізімен Қасымхан Бекенаевтың (1910-1914 жж. жылдардағы семинарияның түлегі; оның «Тарбағатай ісі» бойынша жүргізілген іс-құжаттары талдауға алынды), Биахмет Сәрсеновтің (1905-1909 жж. семин. оқыған), Жүсіпбек Аймауытовтың (1914-1919 жж. семин.оқыған), Мұхтар Әуезовтің (1915-1920 жж. семин.оқыған) жаңа тарихи портреті көрсетілді. Жаңа құжаттық деректер мақаланың жаңалығы мен құндылығын арттыра түсті. Есімдері аталған қайраткерлердің мұндай тәжірибелерін мектепке жеткізудің маңызы мен ерекшелігі жан-жақты көрсетілді.

 

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ерденбекова, Ж., Мырзатаева, З. і Мұратбекқызы, Б. 2026. СЕМЕЙ СЕМИНАРИЯСЫ ЖӘНЕ АЛАШШЫЛ-ПЕДАГОГ ТҮЛЕКТЕР ТӘЖІРИБЕСІН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ (19021920 жж.). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 90 (Вер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.90.3.020.