Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ТАРИХИ КАРТАНЫ ДЕРЕК РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЗАМАН КЕЗЕҢІ МЫСАЛЫНДАҒЫ КЕҢІСТІКТІ ТАЛДАУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Жарияланған September 2026

0

87013529874
Аңдатпа

Мақалада жаңа заман кезеңіндегі (XVIII-XIX ғ. ортасы) қазақ жерінің аумағы бейнеленген тарихи карталарды дерек ретінде зерттеудің әдістемесі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі тарихи карталарды жай ғана иллюстрация емес, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени ақпараттарды тасымалдайтын, күрделі түрдегі түсініктерді беретін мәтін ретінде талдау қажеттілігінде. Жұмыста Дж.Б. Харлидің деконструциялық теориясы, Г.Н. Ксенжиктің методологияға қатысты тарихи-географиялық зерттеулері және қазақ қоғамының ерекшеліктеріне қарай А. Сейдімбектің «ауызша тарих» концепциясы мен Г.Б. Избасарованың «менталды карта» концепциясы бойынша қазақ халқының кеңістік ұғымының түсінігі синтезделді. Зерттеудің әдістемелік негізі тарихилық және объективтілік принциптеріне сүйенеді. Зерттеу барысында Ресей империясының карталарында Қазақ жерінің бейнеленуі және сол карталардың дерек ретіндегі мазмұны баяндалды. Нәтижесінде карталарды зерттеудің өзіндік әдістемесі ұсынылды. Жаңа заман кезеңіне жататын 13 маңызды картаға деректанулық талдау жасалып, олардың тарихи ақпараттық әлеуеті ашылды. Бұл карталар қатарында, С. Ремезовтың «Сібірдің сурет кітабы» жинағынан алынған карта, Ф. Страленбергтің «Великая Татария» картасы (1730), И. Кириловтың «Ландкарта генеральная о Российской империи...» еңбегіндегі карта (1755), Я. Боувердің «Кіші және Орта қырғыз-қайсақ ордаларының картасы» (1787-1794), А.И. Левшиннің «Карта земель, принадлежащих киргиз-казакам или киргиз-кайсацким ордам и степям» (1831 ж.), Азиялық Ресейдің жалпы картасы (1825 ж.), 1850 ж. Ресей империясының Әскери-топографиялық депосы жасаған «Карта Киргизскихъ степей», 1851 ж. Джон Таллис  (John Tallis) басып шығарған «Independent Tartary» (Тәуелсіз Тартария) картасы, Орынбор және Сібір губерниясының шекаралық жерлерінің жер картасы (1758 ж.), Торғай облысы Ырғыз ауданының әкімшілік бөліну картасы бар. Сонымен қатар 1824 жылғы реформаның Кіші жүз аумағын үш әкімшілік бөлікке бөлінуінің картадағы көрінісі сараланды. 1824 жылғы реформа бойынша пайда болған Кіші жүздің нақты әкімшілік шекаралары мен билеуші сұлтандардың ставкаларының орны анықталып,  карталардың динамикасы талқыланды. ГАЖ (GIS) технологиялары электронды карталардағы «жасырын» мәліметтерді оқу және шекаралық өзгерістердің динамикасын модельдеу құралы ретінде негізделді. Зерттеудің мақсаты - жаңа заман кезеңіндегі (XVIII-XIX ғ. ортасы) қазақ жерінің аумағы бейнеленген тарихи карталарды дерек ретінде зерттеудің әдістемесін негіздеу және карталардың деректанулық қырын ашу. Мақала тарихшыларға және картографиялық мәліметтерді зерттеумен айналысатын мамандарға арналған.

Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Избасарова , Г. і Агатаева , Д. 2026. ТАРИХИ КАРТАНЫ ДЕРЕК РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЗАМАН КЕЗЕҢІ МЫСАЛЫНДАҒЫ КЕҢІСТІКТІ ТАЛДАУ МҮМКІНДІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 90 (Вер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.90.3.026.