Қазіргі білім беру жүйесіндегі цифрландыру және оқушының танымдық белсенділігін арттыру қажеттілігі геймификацияны оқыту үдерісіне енгізуді өзекті етеді. Зерттеу барысында геймификация ұғымының мәні, оның педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері және тарих сабағында қолдану мүмкіндіктері талданады. Осы тұрғыда геймификация – оқу үдерісіне ойын элементтерін енгізу арқылы оқытуды нәтижелі ететін заманауи педагогикалық тәсіл ретінде сипатталады. Зерттеудің мақсаты – орта мектептің тарих пәнін оқытуда геймификация элементтерін қолданудың әдістемелік негіздерін айқындау және олардың оқушылардың танымдық белсенділігін, тарихи ойлау дағдыларын дамытудағы тиімділігін ғылыми тұрғыда дәлелдеу. Зерттеу барысында геймификация элементтерін қолдану оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігін арттыратыны анықталды. Сонымен қатар, тарих пәніне деген қызығушылықтың жоғарылауы, ақпаратты есте сақтау қабілетінің жақсаруы және сыни ойлау дағдыларының дамуы байқалды. Ойын әдістері арқылы күрделі тарихи оқиғаларды меңгеру жеңілдеп, оқушылардың материалды терең түсінуіне мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, топтық жұмыстар мен жарыс элементтері оқушылардың коммуникациялық дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, геймификация технологияларын жүйелі қолдану тарих сабағының сапасын арттырып қана қоймай, оқушылардың өзіндік оқу әрекетін белсендіруге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері тарих пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсыныстар жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ГЕЙМИФИКАЦИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Жарияланған June 2026
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
геймификация
тарих сабағы
оқыту мотивациясы
оқушы белсенділігі
ойын технологиялары
интерактивті оқыту
цифрлық білім беру
оқу үдерісі
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Момунтаева, Л. і Дәулет, С. 2026. ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ГЕЙМИФИКАЦИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 89 (Чер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.89.2.015.
