Мақалада «Ақ жол» газеті материалдарын тарих сабағында дерек көзі ретінде пайдаланудың әдістемелік негіздері жан-жақты қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – мерзімді баспасөз материалдарының тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындап, оларды оқу үдерісінде тиімді қолдану жолдарын көрсету. Автор «Ақ жол» газетінде жарияланған мақалалар, хабарламалар мен публицистикалық материалдарды талдай отырып, олардың ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени үдерістерді бейнелеудегі ерекшеліктерін анықтайды.Мақалада деректанулық талдау әдістері негізінде газет материалдарының мазмұны, құрылымы, авторлық ұстанымы мен идеологиялық бағыты қарастырылып, оларды білім беру процесінде қолданудың ғылыми-әдістемелік тәсілдері ұсынылады. Сонымен қатар, тарих сабағында оқушылардың дерекпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, сыни ойлауын дамыту және тарихи оқиғаларды жан-жақты түсінуін қамтамасыз ету мақсатында интерактивті әдістерді (мәтіндік талдау, салыстырмалы әдіс, проблемалық сұрақтар, инфографика, интеллект-карта) қолданудың тиімділігі көрсетіледі. Зерттеу нәтижесінде «Ақ жол» газеті материалдарын оқу процесіне енгізу оқушылардың тарихи танымын тереңдетіп, деректерді талдау қабілетін арттыратыны дәлелденеді. Сонымен қатар, мақалада ұсынылған әдістемелік тәсілдер қазіргі білім беру жүйесінде тарихи деректерді пайдаланудың тиімді үлгісі ретінде қарастырылады. Зерттеуде ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы «Ақ жол» газеті материалдарын тарих сабағында дерек көзі ретінде тиімді пайдалану әдістемесі ғылыми негізделген.
«АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІ МАТЕРИАЛДАРЫН ТАРИХ САБАҒЫНДА ДЕРЕК КӨЗІ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Жарияланған March 2026
3
5
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Наурзова K. і Дүйсебай, .Б. 2026. «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІ МАТЕРИАЛДАРЫН ТАРИХ САБАҒЫНДА ДЕРЕК КӨЗІ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 88 (Бер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.88.1.017.

