Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

«ДЕРНБУРГ ДӘУІРІ» (1906–1910 жж.) КЕЗІНДЕГІ ГЕРМАНИЯНЫҢ ОТАРЛЫҚ САЯСАТЫ: АФРИКАДАҒЫ ГЕРМАН ОТАРЛАРЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАР, ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ

Жарияланған March 2026

1

1

Университет Регенсбурга
Аңдатпа

Мақалада Германияның отарлық ведомствосының басшысы қызметін атқарған Бернхард Дернбургтің қызметі талданады. Автор мақалада Дернбургтің ең алдымен Германияның Африкадағы ірі отарлары үшін жүргізілген отарлық реформалардың бастамашысы ретіндегі рөлін қарастырады. Сонымен қатар автор Дернбургтің Африкадағы герман отарларына жасаған екі ақпараттық сапарына, сондай-ақ оның Оңтүстік Африкадағы ағылшын иеліктеріне барған сапарына назар аударады.

Автор Дернбург ұсынған отарлық реформалардың негізгі бағыттарын да талдайды. Олардың қатарында елдің отарлық ведомствосын қайта ұйымдастыру, ірі кәсіпкерлерді отарларға инвестиция салуға тарту, сондай-ақ Германияның отарлық саясатын жүргізуде Ұлыбританияның отарлық тәжірибесін пайдалану мәселелері бар.

Мақалада 1906-1910 жылдардағы реформалардың нәтижелері мен шектеулері де қарасты-рылып, «Дернбург дәуірінің» герман отарлық саясаты тарихындағы орны айқындалады. Қорытындысында бұл кезең Германияның Африкадағы отарларын басқару жүйесін кешенді түрде жаңғыртуға бағытталған әрекет болғаны көрсетіледі. Алайда жоспарланған өзгерістерді жүзеге асыру ішкі саяси, қаржылық және халықаралық факторлардың әсерінен толық жүзеге аспағаны атап өтіледі.

Сондай-ақ мақалада Дернбург реформаларының Германияның Африкадағы ұзақ мерзімді отарлық стратегиясының қалыптасуына ықпалы, сондай-ақ ХХ ғасырдың басындағы халықара-лық отарлық бәсекелестік контексіндегі маңызы қарастырылады. «Дернбург дәуірі» Германияның отарлық басқару жүйесін институционалдандырудың маңызды кезеңі болғаны және теңізден тыс аумақтарды жалпыимпериялық экономикалық жүйеге интеграциялау талпынысын көрсеткені атап өтіледі. Сонымен бірге экономикалық мүдделер, саяси амбициялар және метрополияның нақты мүмкіндіктері арасындағы қайшылықтар қол жеткізілген нәтижелердің шектеулі болуына әсер еткені көрсетіледі.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Шмидт, В. 2026. «ДЕРНБУРГ ДӘУІРІ» (1906–1910 жж.) КЕЗІНДЕГІ ГЕРМАНИЯНЫҢ ОТАРЛЫҚ САЯСАТЫ: АФРИКАДАҒЫ ГЕРМАН ОТАРЛАРЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАР, ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 88 (Бер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.88.1.005.