Қазақстанның білім беру жүйесінің дамуындағы кезеңдердің ішінде Қызылордалық кезең ерекше орын алмақ. Қызылорда қаласына орталықтың көшуі өлкедегі саяси және қоғамдық өмірге жаңа серпіліс берді. Басқа өңірлерден Қызылорда қаласына білім іздеп жастар келе бастады. Астаналық мәртебені иемденгеннен кейін Қызылорда қаласында жаңадан білім ошақтары ашыла бастады. Орынбор қаласынан Қазақ ағарту институты, медициналық училищелер көшіп келді. Қалада бірінші және екінші санаттағы білім беретін мектептер ашылды. Алыс жерлерде тұратын адамдар үшін арнайы интернаттар ашыла бастады. Интернаттардың жұмыстарын арнайы комиссиялар үнемі қадағалап жүрді. Қазақ әдебиетіне зор үлесін қосқан Ғабиден Мұстафин Қызылорда қаласына 1925 жылы келіп, осы жерде білім алды. Сонымен қатар білім беру жүйесінде С. Мұқанов, А. Кенжин және басқа да қазақ интеллегенция өкілдері қызмет атқарды
ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КЕЗЕҢНІҢ ОРНЫ
Жарияланған June 2021
251
120
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Қызылорда, Қазақстан, Білім беру, Мектеп, Қазақ АКСР
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Жалмагамбетов, Е. 2021. ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КЕЗЕҢНІҢ ОРНЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-5461.05.