Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

1991–2000 ЖЫЛДАРДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: КҮНДЕЛІКТІ ӨМІР КОНТЕКСІНДЕГІ ТАРИХИ ТАЛДАУ

Жарияланған June 2026

0

0

Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет
Аңдатпа

Мақалада 1991 жылдан бастап Шымкент қаласының күнделікті өмірінің әр тараптары қарастырылды. Атап айтқанда еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап қала тарихындағы болған өзгерістер мен қиыншылықтар, сондай –ақ кейінгі жылдардағы қаланың жетістіктері мен оңды өзгерістері салыстырмалы түрде зерттелінді. Кеңес Одағы тарағаннан соңғы алғашқы жылдардағы қала кәсіпорындарындағы орын алған қиыншылықтар мен толық күшімен жұмыс атқарып тұрған зауыт, кәсіпорындардың тыныс-тіршілігі мен жұмысын тоқтатуы және оның салдары да мақала арқауына айналып талданды. Мақала барысында қаланың  тұрғындарының күнделікті өмірі, 90 жылдардағы қиыншылықтар, куәгерлердің  сұхбат барысында берген сұхбатынан үзінді түрінде де келтірілді.

Ондағы деректерді растау мақсатында  архивтік деректердегі мәліметтерді де кеңінен пайдаландық. 1990 жылдардағы Шымкент қаласындағы алып кәсіпорындардың жағдайы да  құжаттық деректер негізінде талданып қарастырылды. Сондай-ақ қаладағы қылмыстық ахуал да архивтік  анықтамалар мен прокуратураның статистикалық есептері негізге алына отырып жан-жақты баяндалды. Осы бағытта білім беру саласындағы атқарылған істер мен кейбір лауазымды тұлғалардың тарапынан жіберілген қызметтік кемшіліктерге де арнайы талдау жасалынды. Сонымен бірге қаланы көркейту мен абаттандыруға байланысты қала әкімшілігінің атқарған оңды істері де мақалада көрініс  тапты. Осынау  мәліметтер негізінде Шымкент қаласының 1991-жылдардан бастап тұрғындардың күнделікті  өміріне әсер еткен факторлар зерттеу нысанына айналды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Шынтаев, Н. і Мусабалина, Г. 2026. 1991–2000 ЖЫЛДАРДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: КҮНДЕЛІКТІ ӨМІР КОНТЕКСІНДЕГІ ТАРИХИ ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 89 (Чер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.89.2.004.