Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚ БАЙЛАРЫН ТӘРКІЛЕУ – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КҮШТЕП ҰЖЫМДАСТЫРУ САЯСАТЫНЫҢ АЛҒЫШАРТЫ

Жарияланған June 2026

0

0

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті КеАҚ
Аңдатпа

Қазақстан аумағында ХХ ғасырдың 20-30 жылдар кезеңінде бай шаруашылықтарын тәркілеу және шаруаларды күштеп ұжымдастыру саясаты кең ауқымды сипат алды. Кеңес өкіметінің партиялық атқарушы органдарының архив құжаттарындағы арыз-шағымдар қазақ халқының дәстүрлі шаруашылық жүйесін күштеп күйрету, мал-мүлікті тәркілеудің репрессиялық әдістері мен жаппай жүргізілген зорлық-зомбылық фактілерін айғақтайды. Ірі қазақ ауқаттыларын тап ретінде мәжбүрлеп жою - биліктің алдын-ала жоспарлаған идеологиялық саясатының көрінісі. Нәтижесінде аталған әкімшілік шара Қазақстан өңірінде Кеңес өкіметінің саясатына қарсы бағытталған қозғалыстардың, наразылықтардың кең өріс алуына алғышарт қалыптастырды. Халықты жаппай қамауға алу, тінту, оларды “кулактар” мен “бай элементтер” қатарына жатқызу,  малын күшпен тартып алу, мүлкін тәркілеу сияқты репрессиялық шаралар жергілікті билік тарапынан қолдау тауып, жүзеге асырылып отырды.  Қазақ байларының мал-мүлкін тәркілеу – халық қасіретіне айналған саяси қуғын-сүргіннің бастамасы болды. Бай-қуатты топтарды “жат элемент” ретінде қаралап, қуғын-сүргінге ұшырату саясаты жоспарлы түрде іске асырылды. Біз бұл мақалада архивтік деректерге сүйене отырып, тарихтың осынау қасіретті беттерін обьективті тұрғыдан ашуды мақсат еттік.

Мақалада ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Семей округіндегі қазақ байларын тәркілеу үрдісінің жүзеге асуы, жергілікті байлардың өз құқығын қорғауда тиісті органдарға жолдаған арыз-шағымдары архивтік деректер тұрғысынан талданады.

 

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Кариева , Т. і Мукатаева , З. 2026. ҚАЗАҚ БАЙЛАРЫН ТӘРКІЛЕУ – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КҮШТЕП ҰЖЫМДАСТЫРУ САЯСАТЫНЫҢ АЛҒЫШАРТЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 89 (Чер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.89.2.012.