Соғыстан кейінгі жылдары кітапхана қызметкерлері республика өміріндегі айтулы кезеңдерде: халық шаруашылығын қалпына келтіруде, тың және тыңайған жерлерді игеруде елеулі қызметтер атқарды. Олар саяси-идеологиялық жұмыстар, республика тұрғындарына мәдени-ағарту саласында да қызмет көрсетуде партияның және Кеңес органдарының белсенді көмекшісі болды. Осы жылдары халықтың мәдени жағынан үздіксіз өсуі, бұқараның еңбек және қоғамдық саяси белсенділігінің артуына тікелей олардың әсер еткендігі сөзсіз.
Мақалада соғыстан кейінгі жылдардағы (1946-1960) кітапханаларды жас мамандармен қамтамасыз етудің деңгейі, кітапхана мамандарын даярлау жолдары мен дамуы және кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырудағы нәтижелері, кітапхана қызметкерлерін даярлайтын оқу орындарының ашылуы мен қызметі жан-жақты қарастырылады.
Осыған байланысты мақалада тақырып бойынша мұрағаттық және басқа да материалдар талданып, қарастырылған. Сондай-ақ, саяси-ағарту мекемелерінің қызметкерлерін даярлау бойынша партиялық және мемлекеттік органдардың идеологиялық саясатына талдау жасалынады. Жалпы, партия-кеңес органдары саяси-ағарту мекемелерінің қызметкерлерін даярлаудың курстық шаралар өткізудегі жетіспеушіліктеріне қарамай, кітапхана мамандарының қалыптасуына және тәрбиелеуде үлкен рөл атқарғандығы көрсетіледі.
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНАН КЕЙІНГІ ҚАЗАҚСТАНДА КІТАПХАНА МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУ БАРЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫ (1946-1960)
Жарияланған June 2021
455
125
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Асанова, Б. 2021. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНАН КЕЙІНГІ ҚАЗАҚСТАНДА КІТАПХАНА МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУ БАРЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫ (1946-1960). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-5461.11.