Бүгінгі күні білім беру саласында заманауи инетрбелсенді және ақпараттық-коммуникациялық технологияларға негізделген әдістерге ерекше басымдылық берілуде. Мұндай әдістердің артықшылықтары өте көп. Ол алдымен білім алушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайды. Өзіндік пікірі бар және өз пікірін дәлелді түрде қорғай алатын, сыни ойлау дағдысы қалыптасуына ерекше мән береді. Оқытудың заманауи әдістері мұғалімнің білім беру үдерісіндегі ролін өзгертті. Мұғалім ендігі кезекте барлық білім мазмұнын беруші емес, керісінше білім алушыларды өздігінен білім алуға бағыттаушы айналды. Демек білім алушылар өздеріне қажетті білім мазмұнын іздеп, сыни талдау арқылы игереді. Осы ретте бұрын қолданыста болған дәстүрлі білім беру әдістеріне деген өзгеше ұстаным қалыптасты. Тіпті олардың басым көпшілігі назардан тыс қалып, белсенді қолданыла да бермейді. Дәстүрлі білім беру әдістерінің пайдалы жақтары да көп. Оларды саралап, қолданыс ерекшеліктерін ашу өзекті мәселе болып табылады.
Оқытудың дәстүрлі әдістері – ұзақ жыл бойына тәжірибеден өткен және өзінің тиімділігін көрсеткен әдістер топтамасы болып табылады. Оларды білім беру үдерісінде қолданудың маңыздылығы өте жоғары деп санаймыз.
