Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

Оңтүстік Қазақстан облысына ХХ ғасырдың 30-50 жылдарында депортацияланған халықтар тарихы

Жарияланған September 2026

0

0

КазНУ имени Аль-Фараби
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Аңдатпа

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі өзгерістер қоғамда жаңа жағдайды қалыптастырды. Кеңестік дәуірде көп уақыт бойы тұмшаланған тарихтың  беттері ашылып, объективті шындық тұрғыдан зерттеу жүргізіле бастады. Советтік билік тұсында күшпен жер аудару  процесі  жоспарлы түрде басталып Қазақстан республикасының территориясы мен оның облыстарына көптеген ұлттар мен тұтастай халықтар жер аударылып, қоныстандырылды. Біздің зерттеуіміздегі Оңтүстік Қазақстан облысына (бүгінгі Түркістан облысы)  ХХ ғасырдың 30–50-ші жылдары  жер аудару салдарынан көптеген этностар қоныстандырылды. Еліміздің қалыптасу үрдісін аймақтық ерекшелікте ұлттық бірегейлік идеясында қарастыру бүгінгі тарих ғылымындағы өзекті  мәселелердің бірі болып табылады.
Мақалада Оңтүстік Қазақстан облысы территориясына Екінші Дүниежүзілік соғысқа дейінгі және соғыс жылдары күшпен жер аударылып қоныстандырылған этностар тарихы, жергілікті билік органдарының оларға қатысты ұстанған саясаты және депортациланған этностардың жергілікті халықпен  қарым-қатынасы туралы мәселелер қарастырылады.
Методология. Тарих ғылымында оқиғаны зерттеуде нақты фактілер мен дәлелдерге сүйену және ғылыми зерттеулер арқылы салыстыра көрсету, талдау, тарихи хронологиялық,  теориялық таным сияқты жалпы тарихи зерттеу тәсілдері қолданылды. Пәнаралық тәсілді қолдана отырып,  объективті тұрғыдан тарихи жағдайларды ескере отырып облысқа депортацияланған  халықтар тарихын кешенді зерттеуге  мүмкіндік берді.

PDF (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Kozgambayeva, G., Karpikova, T. і Kozybakova , F. 2026. Оңтүстік Қазақстан облысына ХХ ғасырдың 30-50 жылдарында депортацияланған халықтар тарихы. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 90 (Вер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.90.3.013.