Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

1920-1930 ЖЖ. ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН МЕН ШЕКАРАЛАС АУДАНДАРДА ТІРШІЛІК ЕТУ СТРАТЕГИЯСЫ РЕТІНДЕГІ КӨШІП-ҚОНУ

Жарияланған September 2026

0

0

Карагандинский национальный исследовательский университет имени академика Е.А. Букетова
Аңдатпа

Бұл мақала 1930 жылдардағы жаппай ашаршылық жағдайында Орталық Қазақстан мен шекаралас аудандар халқының мәжбүрлі өмір сүру стратегиясы ретіндегі көшіп-қонуды зерттеуге арналған. Мұрағат құжаттарын – ҚазАКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулыларын, ОГПУ арнайы сводкаларын, партиялық және мемлекеттік органдардың баяндама хаттарын талдау негізінде қазақ халқының жаппай көшіп-қонуының себептері, ауқымы мен салдары ашылады. Зерттеу көшіп-қонудың бірнеше факторлардың нәтижесі болғанын көрсетеді: күштеп ұжымдастыру, көшпенділерді мәжбүрлеп отырықшыландыру, малды тәркілеу және азық-түлік қиындықтары. Көшіп-қонғандарды қайтару мен шаруашылық жағынан орналастыру бойынша мемлекеттік шаралардың тиімсіздігін талдауға ерекше назар аударылды. Құжаттар көмек ұйымдастырудағы жүйелі кемшіліктерді куәландырады: азық-түлік қорларын талан-таражға салу, қайтып келгендерді есепке алуға формалды көзқарас, қабылдау пункттері мен балалар үйлеріндегі қанағаттанарлықсыз жағдайлар. Көшіп-қону республиканың 71 ауданын қамтыды, Қазақстан ішінде 100 000-нан астам көшіп-қонған шаруашылық болды. Аштықтан және әлсіреуден жаппай қырылу, адам етін жеу оқиғалары, балалар қараусыздығының апатты өсуі – осы кезеңнің қасіретті салдары. Мақала әлеуметтік апат механизмдерін түсінуге үлес қосады және көшпелі халықтың дәстүрлі ұтқырлық формасының антропогендік ашаршылық жағдайында аман қалу стратегиясына қалай айналғанын көрсетеді.

PDF
Тіл

Қазақ

Кілтті сөздер
Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Джумабеков , Д., Ыбырайхан, М. і Шапагатова , Д. 2026. 1920-1930 ЖЖ. ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН МЕН ШЕКАРАЛАС АУДАНДАРДА ТІРШІЛІК ЕТУ СТРАТЕГИЯСЫ РЕТІНДЕГІ КӨШІП-ҚОНУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 90 (Вер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.90.3.004.