Мақала 1991–2024 жылдар аралығында Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесінің негізгі буыны болып табылатын колледждердің даму үдерісін талдауға арналған. Зерттеудің мақсаты – колледждер желісінің трансформация кезеңдерін және кадрлар даярлау бағдарламаларын жаңғырту бағыттарын сапа талаптарының күшеюі мен цифрландыру сын-қатерлері контексінде анықтау. Зерттеудің әдіснамалық негізін тарихи-аналитикалық және нормативтік-құжаттық тәсілдер, мемлекеттік бағдарламалар мен қаулыларға контент-талдау, сондай-ақ ресми статистикалық және аналитикалық материалдарды қайталама талдау құрайды. Зерттеу нәтижелері колледждерді жаңғырту үдерісі сызықтық сипатта емес, кезең-кезеңімен жүзеге асқанын көрсетеді: 1990-жылдардағы құлдырау мен институционалдық қайта құрылымдау; 2000-жылдардың басындағы қалпына келу және желінің кеңеюі; 2005–2010 жж. стандарттар, мониторинг және сыртқы бағалау рәсімдері арқылы сапаны басқаруға көшу; 2012 жылдан бастап практикалық-бағдарланғандық пен дуальды даярлау моделінің күшеюі; сапаны бақылау тетіктерін одан әрі шоғырландыру және даярлау құрылымын жаңарту; 2020-жылдар-дағы басқарушылық рәсімдердің цифрлық трансформациясы мен цифрлық сервистердің кеңеюі. Нәтижелерді интерпретациялау ТжКБ жүйесіндегі цифрландыру тек оқыту үдерісіне технологияларды енгізу ретінде ғана емес, сонымен бірге қолжетімділік пен басқаруды институционалдық қайта құру ретінде де көрініс табатынын көрсетеді; мұнда қабылдау рәсімдерінің цифрлануы және білім беру мүмкіндіктерін бөлу механизмдерінің ашықтығы маңызды орын алады. Сонымен қатар бағдарламаларды жаңғырту ресурстық қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаның біркелкі еместігі және колледждердің кадрлық-әдістемелік дайындық деңгейіне байланысты шектеулерге ұшырайды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы колледждердің тарихи кезеңделуін кадрлар даярлау бағдарламаларындағы өзгерістермен интеграциялауда және цифрлық трансформация сын-қатерлерін жүйелеуде көрінеді. Практикалық маңыздылығы ТжКБ бағдарламаларын жаңарту, цифрлық даму жоспарларын әзірлеу және колледждердің жұмыс берушілермен серіктестігін күшейту барысында қорытындыларды қолдану мүмкіндігімен айқындалады.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОЛЛЕДЖДЕРДІҢ ДАМУЫ: КАДРЛАР ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ СЫН-ҚАТЕРЛЕРІ (1991–2024)
Жарияланған June 2026
1
1
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Адильжанов, .А., Ахатова, А. і Ускембаев , К. 2026. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОЛЛЕДЖДЕРДІҢ ДАМУЫ: КАДРЛАР ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ СЫН-ҚАТЕРЛЕРІ (1991–2024). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 89 (Чер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.89.2.011.
