Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН (ҚАЗІРГІ ТҮРКІСТАН) ӨҢІРІНДЕГІ КӨШІ-ҚОН ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ МИГРАЦИЯСЫ: ТАРИХИ-ӘЛЕУМЕТТІК ТАЛДАУ (1991–2024 ЖЖ.)

Жарияланған March 2026

3

4

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
Институт истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова.
Халықаралық туризм және меймандостық университеті
Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасындағы тәуелсіздік кезеңінде қалыптасқан көші-қон үдерістерінің тарихи, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық ерекшеліктерін кешенді түрде талдауға арналған. Зерттеуде нарықтық экономикаға көшу, саяси трансформация және әлеуметтік құрылымдардың өзгеруі жағдайында елдегі ішкі және сыртқы көші-қон ағындарының бағыттары мен мазмұны қарастырылады. 1990-жылдардың басынан бастап қабылданған «Көшіп келу туралы» және «Халықтың көші-қоны туралы» заңдар негізінде мемлекеттік көші-қон саясатының қалыптасуы, оның этникалық репатриацияны, еңбек және білім алу мақсатындағы көші-қонды реттеудегі рөлі айқындалады.

Мақалада тарихи Отанына оралған этникалық қазақтарды қабылдау, орналастыру, әлеуметтік бейімдеу және ықпалдастыру мәселелері көші-қон саясатының маңызды бағыты ретінде талданады. Түркістан облысы (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы) материалдары негізінде көші-қон ағындарының демографиялық құрылымы, жастық құрамы, білім деңгейі мен еңбек әлеуетіне қатысты көрсеткіштері архивтік деректер мен ресми статистика арқылы зерделенеді. Сонымен қатар маусымдық және еңбек миграциясының өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына тигізетін ықпалы ашып көрсетіледі.

Зерттеуде білім алу мақсатындағы көші-қон халықаралық білім беру нарығындағы бәсекелестік контекстінде қарастырылып, оның адами капиталды қалыптастырудағы стратегиялық маңызына баға беріледі. Шетелдік және қазақстандық студенттердің көші-қоны білім беру жүйесі, еңбек нарығы және демографиялық қауіпсіздікпен өзара байланыста талданады. Автор көші-қонды тиімді басқару әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің, аймақтық дамуды қолдаудың және ұлттық экономиканың ұзақ мерзімді дамуына ықпал ететін маңызды фактор екенін ғылыми тұрғыда негіздейді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Капбарова, Г., Шашаев, А. і Райымқұл, А. 2026. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН (ҚАЗІРГІ ТҮРКІСТАН) ӨҢІРІНДЕГІ КӨШІ-ҚОН ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ МИГРАЦИЯСЫ: ТАРИХИ-ӘЛЕУМЕТТІК ТАЛДАУ (1991–2024 ЖЖ.). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 88 (Бер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.88.1.004.