Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВТІҢ ПАРТИЗАНДЫҚ ҚЫЗМЕТІ: ӘСКЕРИ-СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТАКТИКАСЫНЫҢ ТАРИХИ ТАЛДАУЫ

Жарияланған June 2026

0

0

Sarsen Amanzholov East Kazakhstan University: Ust-Kamenogorsk, East Kazakhstan
Аңдатпа

Мақалада Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қасым Қайсеновтің партизандық қызметі әскери-тарихи және тактикалық тұрғыдан талданады. Зерттеудің мақсаты — Қ. Қайсенов басқарған диверсиялық және барлау-шабуыл операцияларын «шағын соғыс» (малый война) және иррегулярлық соғыс теориялары аясында қарастырып, олардың әскери-тактикалық үлгілерін анықтау.

Зерттеу дереккөздік базасына Қ. Қайсеновтің мемуарлары, замандастарының естеліктері, ресми әскери құжаттар мен кейінгі ғылыми реконструкциялар енгізілді. Тарихи-салыстырмалы, дереккөзтанулық, нарративтік талдау және тактикалық-ситуациялық реконструкция әдістері қолданылды.

Зерттеу нәтижесінде бұрын көбіне публицистикалық және батырлық сипатта қарастырылған партизандық эпизодтар нақты әскери операциялар ретінде қайта талданып, Қайсенов тәжірибесінде қолданылған тактикалық шешімдердің типологиясы ұсынылды. Бұл тактикалардың аймақтық партизандық қозғалыс тиімділігіне және жалпы Екінші дүниежүзілік соғыс барысына ықпалы айқындалды.

Мақаланың ғылыми жаңалығы Қ. Қайсенов басқарған партизандық әрекеттерді әскери-стратегиялық феномен ретінде жүйелі түрде талдауда және оларды қазіргі әскери тарих пен «шағын соғыс» теориялары тұрғысынан қайта пайымдауда көрініс табады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ислямова, А. 2026. ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВТІҢ ПАРТИЗАНДЫҚ ҚЫЗМЕТІ: ӘСКЕРИ-СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТАКТИКАСЫНЫҢ ТАРИХИ ТАЛДАУЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 89 (Чер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.89.2.032.