Мақала ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы Қазақстан жетекшілерінің бірі Н. Нұрмақовтың өмір жолын, оның мемлекеттік қызметі мен қоғамдық-саяси белсенділігін зерттеуге арналған. Ұлттық сот жүйесінің, әділет және прокуратура органдарының қалыптасуына қосқан үлесі архив құжаттарының негізінде талданған. Экономикалық қайта құрулар, астананы Орынбордан Қызылордаға, Қызылордадан Алматыға көшіру жолындағы белсенділігі айқындалған.
Архив құжаттары Н. Нұрмақовтың ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында күн тәртібіне қойылған күрделі де өзекті мәселелерді ұлт мүддесі тұрғысынан шешуге ұмтылғанын дәлелдейді.
Мақалада Н.Нұрмақовтың баспа беттерінде жарияланған мақалаларына да біршама орын берілген. Олар республиканың жас көшбасшысының іскерлік қасиеттері мен кең дүниетанымын, ұлттық шет аймақтың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының болашағы, қазақ халқының болашағына сенімін ашады. Н.Нұрмақовтың республикадағы социалистік құрылыстың теориясы мен тәжірибесіне қатысты дәлелдері мен фактілері қазіргі зерттеушілерді қызықтыратыны сөзсіз.
Мақалада КСРО-дағы Үлкен террордың бастапқы кезеңі қарастырылады. Н.Нұрмақов 1937 жылы 27 қыркүйекте Алаш қозғалысының саяси көшбасшысы Ә.Бөкейхановпен бір күнде ату жазасына кесілді. Жақын туыстары да террор құрбаны болды: әкесі Н.Тәукебаев, әйелі З.Нұрмақов және інісі Қ.Нұрмақов.
Саяси ақтау жолы ұзақ әрі күрделі болды. Ол 1956 жылы ақталған.
