Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Жарияланған March 2026

1

1

КазНПУ им. Абая
Аңдатпа

Қазіргі уақытта пәнаралық байланыс мәселесін зерттеу жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласымен қатар, барлық дерлік ғылымдарды қамтып отыр. Пәнді әртүрлі ғылымдар тұрғысынан зерттеу ғылым мен техниканың дамуына байланысты өзекті бола бастады. Тарих ғылымындағы пәнаралық зерттеулерді алғаш рет 1960 жылдары Анналдар мектебі ұсынған. Содан бері пәнаралық байланыс мәселесі түбегейлі өзгерістерге ұшырап, зерттеулердің түрлерін өзгертті.

Пәнаралық байланысқа ғылымның қалыптасуының қазіргі кезеңі, яғни постнеклассикалық ғылыми сипат тән. Демек, ғылымның әртүрлі салаларындағы пәнаралық зерттеулер бойынша жұмыстар көбеюде, ал ол өз кезегінде пәнаралықтың мәні мен әдістемесін зерттеу мәселесін өзекті етеді.

Тарихи зерттеулердің өрісі кең болуына байланысты, тарих пәнаралық зерттеулерде көшбасшылардың бірі болып табылады. Тарих ғылымының жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар арасындағы байланыстарды орнатуы барған сайын күшейіп, көптеген зерттеулерде қажеттілікке айналуда.

Мақала‬да пәнара‬лық байланыс‬тың пай‬да болуы, пәнара‬лық зерттеу‬дің объектісі ‬мен пән‬ін анықтау, о‬ның әдістемес‬ін іздес‬тіру, соны‬мен қа‬т‬ар о‬ның тарихи таным‬да қолданылуы, тарих‬тың бас‬қа ғылымдар‬мен байланы‬сы мәселелері қарастырыла‬ды. Сондай-ақ, әртүр‬‬лі ғылымдар‬дан алын‬ған білімдер‬дің жинағ‬ын зерттеу‬де пайдалану мүмкінді‬‬гі тура‬‬лы мәселе ‬де б‬ар.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Rustem, K., Tulenbergenova, S. і Suteeva .К. 2026. ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 88 (Бер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.88.1.024.