Тарихта тұтқындарды ұстаудың әртүрлі мысалдары бар. Соғыс тұтқындарының тарихын зерттеуде қарулы қақтығыс барысында қолға түскен тұтқынның мемлекет меншігінен, халықаралық гуманитарлық құқықтың қорғауына өту барысындағы мәртебесінің өзгеруін зерттеу маңызды болып табылады.
Соғыс құқығын ізгілендірудің тарихи процесі әскери қақтығыстар құрбандарының адами қадір-қасиетін қорғауды көрсетеді. Қарулы қақтығыс заңдарын қолданудың терең саяси және тарихи тамырлары бар. Соғыс анархиялық негізге ие, бірақ әскери қақтығыстардың құрбандарының бірқатар санаттарына – әскери тұтқындар, интернацияланған әскери қызметкерлерге қатысты халықаралық құқықты сақтау маңызды.
Мақаланың мақсаты – Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі жапон тұтқындарының мәртебесін пәнаралық тәсіл арқылы зерттеу. Зерттеудің мақсаттары: күштеп ұстау мәселесінің тарихи астарларын халықаралық құқық аясында зерттеу және Женева конвенциясын тек 1954 жылы ратификациялаған мемлекеттің күшпен ұсталған жапон әскерилеріне қатысты қарым-қатынасын көрсету. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақ КСР аумағында күшпен ұсталған әскерилердің аймақтық тарихын тарихи-құқықтық аспектіде зерттеу маңызды болып табылады. Зерттеу материалдарына шетелдік авторлардың ғылыми зерттеулері, конвенциялар, жарияланған архив материалдары кіреді.
