Мақалада XIX–XX ғасырлардағы Солтүстік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі үрдістері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – аймақ шаруашылығының модернизациялану, көші-қон үдерістері мен этносоциалдық құрылымының өзгерістерін кешенді талдау. Мақаланың міндеттері дәстүрлі көшпелі өмір салтынан отырықшы егіншілікке көшу кезеңдерін анықтау, қоныс аудару қозғалыстары мен аграрлық реформалардың рөлін ашу, сондай-ақ индустрияландыру мен кеңестік саясаттың әлеуметтік құрылымға әсерін бағалаудан тұрады. Тақырыптың өзектілігі қазіргі экономикалық және этнодемографиялық жағдайлардағы аймақтың тарихи тәжірибесін жүйелі түрде зерделеу қажеттілігімен айқындалады. Соңғы жылдардағы ғылыми зерттеулерге шолу осы үрдістерді қазіргі ғылыми талқылау аясында, отандық және шетелдік тарихнаманың жетістіктерін, архивтік деректер мен дереккөздерді талдаудың жаңа тәсілдерін ескере отырып қарастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері шаруашылық жүйесінің трансформациясын, демографиялық және этникалық құрамның айтарлықтай өзгеруін, аграрлы-индустриялық аймақтық орталықтың қалыптасуын және Солтүстік Қазақстан қоғамы мен экономикасының дамуына модернизацияның әсерін көрсетті.
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ XIX–XX ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
Жарияланған June 2026
21
23
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
экономика
этнос
миграция
индустрияландыру
жер реформалары
аграрлық саясат
қоғамның трансформациясы
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Еламанова, А., Бексеитова, А. і Сарсамбекова, А. 2026. СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ XIX–XX ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 89 (Чер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.89.2.003.

