Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫН ҰЛТТЫҚ-МЕМЛЕКЕТТІК МЕЖЕЛЕУ САЯСАТЫ: СЕБЕПТЕРІ МЕН САЛДАРЫ

Жарияланған December 2025

0

0

МКТУ имени Х.А. Яссави
Аңдатпа

Бұл мақала 1920–1930-жылдары Кеңес үкіметінің ұлттық саясат аясында Орталық Азиядағы түркі халықтарын ұлттық-мемлекеттік межелеу саясатына арналған. Автор түркі халықтарының біртұтас мәдени-этникалық кеңістігін жеке ұлттық республикаларға бөлуге алып келген тарихи және идеологиялық алғышарттарды қарастырады. Большевиктік биліктің бұл саясаттағы негізгі мақсаты – өңірге бақылау орнату, пантүркізм мен панисламизм қозғалыстарын әлсірету және формалды түрде тең құқықты, бірақ орталыққа бағынышты ұлттық құрылымдарды қалыптастыру болғаны көрсетіледі. Межелеу дәстүрлі этносаралық қарым-қатынастарды бұзып, этникалық өзіндік сана-сезімнің күшеюіне, әсіресе шекаралық аймақтарда этникалық шиеленістер мен дағдарыстардың туындауына жол ашты. Кеңес дәуірінде белгіленген әкімшілік шекаралар кейінірек тәуелсіз мемлекеттердің мемлекеттік шекарасына айналып, посткеңестік кезеңде территориялық даулар мен этносаралық келіспеушіліктерге себеп болды. Мақалада межелеу салдарынан туындаған туыстас халықтар арасындағы тарихи байланыстардың үзілуі, жасанды этникалық бірегейліктердің қалыптасуы, бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан аумақтық даулар мен этникалық келіспеушіліктер мәселелері талданады. Сонымен қатар, ұлттық-аумақтық межелеудің қазіргі тәуелсіз Орталық Азия мемлекеттерінің шекараларының қалыптасуына әсері зерттеледі. Архивтік деректер мен заманауи зерттеулерге сүйене отырып, автор межелеудің КСРО-ның отарлық басқару стратегиясының маңызды бөлігі болғанын дәлелдейді. Бұл жұмыс тарихшыларға, саясаттанушыларға және өңірді зерттеушілерге арналған.

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
К.К., Б. і А.О., М. 2025. ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫН ҰЛТТЫҚ-МЕМЛЕКЕТТІК МЕЖЕЛЕУ САЯСАТЫ: СЕБЕПТЕРІ МЕН САЛДАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 87 (Груд 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2025.87.4.014.